СУ ТАСҚЫНЫ БОЛҒАН ЖЕРДЕ 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

Мемлекет басшысы осы қиын-қыстау кезде уақытша сынақтарды еңсеру үшін қоғамды біріктіріп, бірге күш жұмылдыруға шақырды. Медицина қызметкерлері құтқарушылармен және басқа да шұғыл қызметтермен қатар барлық мұқтаж жанға медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, күшейтілген режимде жұмыс істейді.«Осынау қиын кезеңде жергілікті төтенше жағдай жарияланған он өңірде 3 мыңға жуық медицина қызметкері өздерінің ең маңызды миссиясын - азаматтарымызға медициналық көмек көрсетуді және олардың денсаулығын сақтауды жалғастырып жатқанын ерекше атап өткім келеді. Су басқан аумақтарда 300-ге жуық жедел медициналық бригада жұмыс істеуде»,- деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.Төтенше жағдайларда медициналық ұйымдар тәулік бойы жұмыс істейді, әрбір науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп, дәрігерлер тарапынан қолдау көрсетіледі.Күйзеліс, қобалжу және мазасызданған тұрғындар арнайы мамандардан білікті психологиялық көмекке жүгіне алады.Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар кешенін жүргізу үшін санитарлық-гигиеналық қызметтен 900-ге жуық маман жұмылдырылды.Денсаулық сақтау министрлігі он өңірде халықтың денсаулығын сақтау мәселесін, оның ішінде дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстап, жүкті әйелдердің, балалар мен қарттардың жағдайына ерекше назар аударуда. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан құрамасы жартылай финалда жеңілді
Дияр Нұрғожайдың UFC-дегі алғашқы қарсыласы белгілі болды
Түркияда жер сілкінісі болды
Терроризмді насихаттаған әрі есірткіні заңсыз пайдаланған Алматы тұрғыны сотталды
Бірер күн бұрын ШЫҰ Бас хатшысы қызметіне кіріскен Нұрлан Ермекбаев Президенттің қабылдауында болды
Алматыда IT-экожүйені дамытуға 10 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды
Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесі жаңғыртылуда
Оңтүстік Корея ресми түрде "ең қарт қоғам" санатына енді
Астана маңында орын алған ЖКО-дан 86 адам,оның ішінде 14 бала құтқарылды
Астанада және Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
Елордада автокөлік ұрлаған адам ұсталды
Қазақстанда алдағы үш күнде қар жауып, күн суытады
2025 жылдың бірінші күні елімізде 9 егіз дүниеге келді
Қаңтардағы ҰБТ қай күндері өтеді?
"Лас, қауіпті және еш сиқыр жоқ": Асаубаеваның Нью-Йорктен көңілі қалды
Қар аралас жауын, көктайғақ: 4-6 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамы жарияланды
1 қаңтардан бастап некеге тұрмас бұрын генетикалық тест тапсыру міндеттелді
Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді
Ернар Айдар әкесі туралы жантебірентер жазба жариялады
Жетісу облысында ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан 11 адамды құтқарды
Жаңбыр және қар: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
«Қызғаншақ ене болуым мүмкін»: Ләйлә Сұлтанқызы ұлы туралы айтты
Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысын қабылдады
Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді