Су тасқыны кезінде өлген жануарлардың иелеріне өтемақы төленеді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді. Ол үшін шаруа иелері шығынды анықтау жөніндегі жергілікті комиссияға малы туралы мәліметпен қоса өтініш қалдыруы керек. Төрт түлікке меншік құқығын арнайы комиссия тексереді. Айта кетейік, су тасқынынан 8 мыңнан астам мал қырылды. Қазір өлекселерді жою жұмыстары жүруде. Олжас ТІЛЕБАЛДИН, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Меншік иелеріне өтемақы мөлшері Ұлттық статистика бюросы жариялаған жануарлардың түрлері, жынысы мен жас шамасы бойынша нарықтық құны туралы мәліметтер негізінде айқындалатын болады.