Су тасқыны салдарынан зардап шеккен 63 мыңнан аса адам үйіне оралды.Су тасқыны жағдайы бойынша сағат 10:00-дегі ақпарат бойынша, республика бойынша 63 009 адам өз үйлеріне оралды. 5 313 адам эвакуациялау пункттерінде. 26.9 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 8 млн астам қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінгі күні төтенше жағдайлар департаменті күшімен бау-бақша серіктестіктері және Жайық өзені маңында орналасқан жеке тұрғын үй секторлары учаскелерінен су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тәулік ішінде 243 230 куб метр су сорылды.