Су тасқыны туралы жалған ақпарат таратқан 29 адам жазаланды

Су тасқыны туралы жалған ақпарат таратқан 29 адам жазаланды. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған.«Жалған ақпараттардың алдын алу және анықтау мақсатында БАҚ пен әлеуметтік желілерге үнемі мониторинг жүргізіледі. Мониторинг барысында жалған және теріс ақпарат таратудың 41 фактісі анықталып, оларды өкілетті органдар теріске шығарды. Жалған ақпарат таралуының 6 дереккөзі анықталды. Олар бойынша онлайн-платформа иелерінің атына заңға қайшы материалдарды жою туралы талаппен хабарландыру жіберілді», - деп атап өтеді Үкімет басшысы жауабында.Сонымен қатар ол мұндай хабарлама су тасқынына қатысты жалған ақпарат таратушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін қарастыру үшін Ішкі істер министрлігіне де жіберілгендігін ескертеді.«Жалған ақпараттардың басым бөлігі мессенджерлерде фейк хабарламалардың таратылуымен байланысты. Жалған ақпарат орналастырғаны үшін 29 тұлға (6 адам тұтқындалды, 2 факті бойынша сотқа дейін тергеу жүргізіліп жатыр, қалғандарына айыппұл салынды) жауапқа тартылды. Мұнан бөлек, заңға қайшы сипаттағы 92 жарияланым құқықтық баға беру үшін Бас прокуратураға жіберілді. Аталған материалдарды жариялаған әлеуметтік желі қолданушылармен профилактикалық әңгімелесу жүргізілді», - деді Олжас Бектенов.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
«Қазақ маман қарастырылып жатыр»: Станислав Черчесов бапкерліктен кетуі мүмкін
Ақтаудағы атом энергетикалық комбинатта жұмысшы қаза тапты
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Ғасыр дерті S.O.S
Жаңажылдық базарлық
Компьютерлік клубтан 121 миллион жымқырған астаналық сотталды
Зомбылық түбі – қорлық
Тұман, көктайғақ: 24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
Фариза кредосы: адамдықтан айныма
Ауылдан – Алматыға!
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы үйлі болды
Депутаттар есеп берді
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты: тергеу жүріп жатыр
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
«Алтын сақа» орталығына барды
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?