Су тасқыны Ұлыбритания халқын сарсаңға салды

Британия ғалымдары елдегі су тасқындары үйреншікті құбылысқа айналуы мүмкін деп ескертеді. Мамандар мұны жаһандық жылынудың әсерімен байланыстырады. Сондықтан, тасқынға қарсы күреске ұлттық деңгейде мән беру керек дейді олар. Тұманды Альбиондағы тілшіміз Марина Бекенова тарқатады,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. Иан ақсақалдың 40 жылға жуық тұрған баспанасының сау-тамтығы қалмаған. Топан су санаулы секундтардың ішінде пәтерінің астан-кестеңін шығарған. Иан Стюарт, тұрғын: 2002 жылы да осындай жағдай болды. Ол кезде мен жас едім. Ал қазір қартайдым. Кемпірім екеуміздің үйді қалпына келтіруге әліміз келмейді. Соңғы жарты жылдың өзінде Ұлыбританияны 8 түрлі дүлей дауыл шарпыды. Желдің жылдамдығы сағатына 130 шақырымға дейін жетіп, жауын-шашынның кесірінен өзендер арнасынан тасыды. Мыңдаған үйді су басып, тұрғындар қаза тапты. Майк Кендон, метеорологиялық қызметтің аға ғылыми қызметкері: Дауылдардың көбеюіне жаһандық жылыну себеп. Өкінішке қарай, болашақта мұндай табиғи апаттардың талайын көреміз. Кезінде ковидпен күрескендей су тасқындарына да ұлттық деңгейде қарсы тұра білу керек. Үкімет сын-тегеуріндерге дайын болып, ескертулерге құлақ асады деп үміттенеді ғалымдар. Кэвин Коллинз, OPEN Университетінің ғалымы: Топан суға төтеп беру үшін әрекет етуге міндеттіміз. Инфрақұрылымдарымызды жоспарлауға келгенде оларды нығайту мәселелерін басты назарда ұстауымыз қажет. Жағдай алаңдатарлық. Мамандардың пікірінше, атмосферадағы көмірқышқыл газының деңгейі артып жатыр. Ауаны ластайтын зиянды заттардың әсерінен биылғы жыл тіпті ыстық болып, табиғи ауытқулар жиілейді деп болжануда.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«39 магнитті шарикті алып шықтық»: Дәрігерлер төрт жасар баланы аман алып қалды
Семсерлесушілерден кезекті медаль
Алматыдағы футбол клубы қаржылық қиындылықтарға тап болды
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі.
Сатыбалдыға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Қасым-Жомарт Тоқаев: Метапневмовирусқа байланысты даурығудың қажеті жоқ
Шамадан тыс тамақтану жүректің жұмысын қиындатады
Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барды
Мемлекет басшысы QazSwimAcademy спорт орталығының жұмысымен танысты
Алматыда жаңа жылдық мереке күндері  қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етті?
Мемлекет әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындауда
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Қазақстандық паспорт саны рекордқа жетті
55 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды
Дариға Назарбаеваның басы дауға қалды
Түркістан облысының әкімі тағайындалды
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Биыл теңге бағамы қандай болмақ?
Алматыда 2025 жылы жылу және электрмен жабдықтау желілерін ауқымды жаңғырту жоспарланып отыр
Мәжіліс депутаты Ақмола облысында көктемгі су тасқынына дайындық барысымен танысты
Қазақстанда тағам жеткізушілерге талап күшейеді
Гүлмира Сатыбалды апелляциялық шағым түсірді: сот не шешті?
Әзербайжан президенті Ақтаудағы ұшақ апатына Ресейдің кінәсі барын тағы айтты
Жас кәсіпкер қымыздан жасайтын балмұздағының сырын ашты