Су тасқынына байланысты 29 ақпарат жалған болып шықты

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева су тасқынына қатысты жалған ақпарат таратқандар туралы айтты.Қазір еліміздегі су тасқынымен күрес қарқынды жүріп жатыр және оның қаупі әлі бәсеңдеген жоқ. Қарғын сумен күреске қолдағы барлық күш пен резерв, адам ресурсы мен қажетті техникалар түгел жұмылдырылды. Су басқан өңірлердің тұрғындары, олармен бірге жиырма мыңнан астам волонтер мемлекеттік органдармен бірігіп жұмыс жасауда. Отандастарымыз ауызбірлік пен жанашырлық танытып, жұдырықтай жұмылып жатыр. Өз кәсібіне адал төтенше жағдай қызметкерлері, әскери қызметшілер, ішкі істер қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер тәулік бойы жұмыс істеуде. Қазір әрбір адам, әрбір техника мен еңбек күші өте маңызды. Көп ресурсты қажет ететін осы бір қиын сәтте біз ақпарат таратуда дәл осындай жүйелі түрде қимылдап, үлкен жауапкершілік танытуымыз қажет, - деді министр. Оның айтуынша, апаттар мен су тасқыны туралы жалған хабарларға байланысты құтқару бригадаларының жұмыс күші қажет емес жерлерге бағытталған жағдайлар да болды. Салдарынан ең қажетті уақыт текке кетті, ресурстар пайдасыз шығын болды.Ақпарат саласына жүргізілген мониторинг барысында біз жалған ақпарат болып шыққан 29 фактіні анықтадық. Ол хабарламалардың барлығы тиісті тексеруден кейін уәкілетті органдар тарапынан шынайы емес екені анықталды. Жалған ақпараттар көбіне мессенджерлер арқылы таралады. Ең көп тараған ақпараттар қатарына бөгеттердің бұзылуы, республикалық маңызы бар жолдарды су басуы, су қоймаларындағы, электр станцияларындағы және басқа да стратегиялық объектілердегі апаттар, ауыз судың ластануы, эвакуациялау орындары, қаражат жинау және төлеу туралы жалған мәліметтер жатады. Мәселен, Ақтөбедегі су қоймасы шлюздерін ашу туралы әлеуметтік желіде жалған ақпарат тарады. Оны кейін Ақтөбе облысының әкімдігі жоққа шығарды, - деді ол. Министрдің мәліметінше, Қостанай облысының әкімдігі Б.Майлин ауданындағы Аят өзені арқылы өтетін көпірдің бір бөлігінің құлауы, сондай-ақ өңірдегі мал қорымдарын су басқаны туралы хабарламаны ресми түрде терістеді. Осы фактілер бойынша төтенше жағдай қызметкерлері сол жерлерге арнайы барғанымен, ақпараттың расталмағанын ерекше атап өткім келеді. Басқа жерлердегі шын көмекке мұқтаж жандар күтіп отыратынын, олардың арасында балалардың бар болуы мүмкін екенін ұмытпайық. Денсаулық сақтау министрлігі де су басқан аумақтарда жұқпалы аурулардың өршу қаупі және эпидемиологиялық қызмет тарапынан жағдайды бақылаудың жеткіліксіздігі туралы жалған ақпарат тарағанын мәлімдеп отыр. Тасқыннан зардап шеккендерге арналған төлемдер туралы да әдейі жалған хабарламалар тарату үлкен қауіп төндіреді. Соңғы күндері су тасқынынан зардап шеккендерге Мемлекет басшысы тарапынан уәде етіледі деген миллиондаған доллар төлемдері, Премьер-Министр мен Үкімет мүшелерінің атынан ақшалай қаражат жинау туралы жалған хабарламалар пайда болды. Мұндай ақпаратқа сенбеуге шақырамын. Алаяқтар су тасқыны жағдайын өздерінің жеке мақсатына пайдалана бастады. Теріс ниеттілер қазақстандықтардың жеке деректері мен қаржылық ресурстарын ұрлау үшін интернетте «Төлемдер үшін ЖСН-ді тексеріңіз», «3 миллион теңгеге дейін өтемақы алу», «Мемлекеттен мүмкіндігінше тезірек жәрдемақы алу» деген сияқты хабарламалар жариялайды, - деді Балаева. Оның айтуынша, жарнамаларын сенімді көрсету үшін қылмыскерлер қазақстандық банктер мен мемлекеттік мекемелердің атауын пайдаланады. Мысалы, Facebook, Instagram және Telegram желілерінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әртүрлі банктермен бірлесіп төлейтін төлемдері туралы хабарламалар жиі жарияланады. Сондай-ақ, Қаржы министрлігі жаңа қаулы қабылдап, шығынның орнын толтырып жатыр екен деген жалған ақпарат жүр. Адамдарды жаңылыстыру үшін алаяқтар әр жазбаның астына алғыс сөздері бар бот пікірлерін жазады. Бұл көрінеу жалған хабарламалардың барлығы мемлекеттік органдар арқылы жедел теріске шығарылып, барлық фактілер бойынша құқық қорғау органдарына хабарламалар жіберілді. Барлық анықталған заңсыз фактілерге құқықтық баға беру, жедел-іздестіру және іс жүргізу үшін материалдар құқық қорғау органдарына жолданды. Сондықтан тек ресми және расталған ақпаратқа сеніңіздер. Барлық күмәнді фактілерді бірнеше рет тексеріңіз және күмәнді хабарламаларды ары қарай таратпаңыз! Есіңізде болсын, барлық жалған хабарламалардың мақсаты - үрей тудыру, халықты жікке бөлу, мемлекеттік қызметтер мен волонтерлердің келісілген жұмысын ұйымдастыруды бұзу және қарапайым халықтың қайғы-қасіретін пайдаланып тез пайда табу. Сондай-ақ су тасқыны мен бұзылған өңірлерді қалпына келтіру шараларын объективті түрде жариялап жүрген БАҚ өкілдеріне арнайы алғысымды білдіргім келеді, - деп ескертті министр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматы облысында жаңа отбасын қолдау орталығы ашылды
Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақта қазақстандықтар болды ма
Оңтүстік Кореяда ұшақ апаты болып, 179 адам қаза тапты
Ильхам Алиев: Бұл қайғылы оқиға үлкен сынақ болды
Бибісара Асаубаева рапидтен әлем чемпионатында үздік ондыққа енді
Алматылықтарды сүйсіндірген патрульдік полицей
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Президент марапаттаған азаматтардың тізімі жарияланды
Ядролық медицина орталығы жылды қорытындылады
Қазақстан жастар құрамасы жер болды
Ақмарал Әлназарова қазақстандықтар алғыс айтты
Грузияның жаңа президенті қызметіне кірісті
Комитет төрағасы тағайындалды
Оңтүстік Корея бір апталық аза тұту жариялаls
Үш облыста ауа райының бұзылуына байланысты жолдар жабылды
Сенаторлар Алматы полициясында есеп беру кездесуін өткізді
Президент бір топ қазақстандықты мемлекеттік наградалармен марапаттады
«Небәрі 29 секунд»: Ақтау маңында құлаған ұшақтың капитаны өлер алдында бір сөз айтқан
Ақтөбеде құдыққа құлап кеткен адам құтқарылды
Ұлытау облысында жоғалып кеткен 5 адам табылды
Тәртіп сақшысының қайырымды ісі көпшіліктің жүрегін елжіретті
Астанада 24 мектеп ашылды
Оңтүстік Кореяда жеті күндік аза тұту жарияланды
Моңғолиядағы қазақ балуаны «Президент кубогында» екінші орын алды
Қызылордада есірткі притоны жойылды