Су тасқынына байланысты 5 облыста әлі қауіп бар. Аэровизуалды тексеру және дрондарды пайдалану арқылы өзендер мен су қоймаларындағы су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізілуде.Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 мыңнан астам тұрғын үй, мыңнан астам ауланы су басқан. Тасқын басталғалы 111 194 адам эвакуацияланды. Оның 40 мыңға жуығы- бала.