"AMANAT" партиясы Астана қалалық филиалы жанындағы Өңірлік даму мәселелері жөніндегі және Экологиялық кеңес мүшелері су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізуде. Олардың айтуынша, қала маңындағы өзендерден қауіп жоқ. Елордадан полигондарға 4,4 млн текше метр қар шығарылғанын мәлімдеген. Астана су қоймасына «Казгидромет» болжаған көлемнен екі жарым есе көп су жиналса да «Нұра-Есіл» мен «Майбалық» көлі арасында орналасқан канал қардан тазартылып, су қоймасы мен Астанадағы жалғыз бөгет су тасқыны маусымына дайын болған. Мұхаммед БОЛЫСБЕК, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ: Дәл қазіргі уақытта жағдай қалыпты. Ешқандай қауіп жоқ Астанаға төніп тұрған. Барлығы да өз деңгейінде процесті түрде орын алып жатыр. Ең бірінші біздің кезекте ол- қала тұрғындарының қауіпсіздігі. Сондықтан да бұл жағдайды біз бірінші орынға қоюумыз керек. Және апта сайын емес күн сайын кезекшілікпен аралап іс-шараларды алдын алып өткізіп отырумыз қажет деп есептеймін. Шәсәлім ШАҒАЛИМОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ: Біздің комиссия Вячеслав су қоймасындағы жағдайдың қандай екенін, қанша жиналғанын және өзендерді толтыру үшін күн сайын қалаға қанша су жіберілетінін білуге шешім қабылдады. Секундына -55 текше метр су. Гидротехник мамандары бізге мұнда түсіндіргендей, қазіргі уақытта қала тұрғындары үшін алаңдаушылық жоқ, өйткені бөгет тұрғызылып, жоспарлы суды жіберу жұмыстары жүргізілуде, бұл олардың қызметімен қамтамасыз етіледі. Астана су қоймасының сыйымдылығы – 410,90 млн текше метр. Қазір су айдыны толуға жақын. Бірақ оның өз жарамдылығы бар. Сондықтан алаңдайтын негіз жоқ дейді мамандар. Дүйсенбек СЫЗДЫҚОВ, «ҚАЗСУШАР» РМК АҚМОЛА ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Қазіргі таңда 50 текше метрден қалаға жіберіп жатырмыз Есілге. Жағдай жалпы тұрақты бәрі бақылауда. Біз қалаға 110 млн текше метр су береміз. Қалған бір 30-40 млн Есіл өзеніне тастаймыз.