Су тасқынына қарсы іс-шараларға 20 000-нан астам волонтер жұмылдырылды

Қазақстан өңірлері су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.Су тасқынына қарсы іс-шараларға 20 000-нан астам волонтер жұмылдырылды. Ақтөбе облысындағы іс-шараларға белсенді қатысқан волонтер саны 8500 адамға жетті. 3 сәуірде өңірге Қызылорда облысынан гуманитарлық жүк көлігі келді. Қазіргі уақытта эвакуациялық пункттер бойынша сұрыптау және бөлу жүргізілуде. Соңғы тәулікте волонтерлер 3000 адамға ыстық тамақ ұйымдастырды. Ақмола облысындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға 300 волонтер қатысып, 700-ден астам тұрғынға көмек көрсетті. Олар эвакуациялау, ТЖД қызметкерлері мен жұмысшыларын тамақтандыру сияқты игі істерге атсалысты. Батыс Қазақстан облысында 7000-ға жуық ерікті жұмылдырылды, олар ТЖД қызметкерлерімен бірге тұрғындарды эвакуациялауға, тамақтандыруға көмек қолын созды. Қостанай облысында 300 адамға арналған ыстық тамақ ұйымдастырылды. 1500 волонтер гуманитарлық көмекті сұрыптап таратты, зардап шеккендерге медициналық және психологиялық қолдау көрсетті. Сұраныстарға жылдам жауап беру үшін, жедел желі құрылды және волонтерлер шақырту түскен орындарға көмек көрсетуге аттанды. Өңірге 160 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Абай облысында көктемгі қар суының салдарынан болған тасқынмен күреске 614 волонтер қатысуда. Олар зардап шеккен азаматтарға алғашқы көмек көрсетіп, апатты жағдайда қолдау білдірді, эвакуацияға қатысып, азық-түлік пен қажетті заттарды жеткізумен айналысты. Батыс Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарына елордадан 163 тонна гуманитарлық көмек жіберілді. Аталмыш іс-шараға 30 волонтерлік ұйым бірлесіп қатысуда. Университеттер, қайырымдылық ұйымдары және елорда тұрғындары да игі істен тыс қалмады. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарына 80 тонна гуманитарлық көмек жіберу жоспарланып отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Елордадағы емханаларда Face ID жүйесі енгізілді
Қазақстанда тағам жеткізушілерге талап күшейеді
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі.
Сатыбалдыға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Қасым-Жомарт Тоқаев: Метапневмовирусқа байланысты даурығудың қажеті жоқ
Шамадан тыс тамақтану жүректің жұмысын қиындатады
Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барды
Мемлекет басшысы QazSwimAcademy спорт орталығының жұмысымен танысты
Алматыда жаңа жылдық мереке күндері  қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етті?
Мемлекет әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындауда
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Қазақстандық паспорт саны рекордқа жетті
55 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды
Дариға Назарбаеваның басы дауға қалды
Түркістан облысының әкімі тағайындалды
Биыл теңге бағамы қандай болмақ?
Алматыда 2025 жылы жылу және электрмен жабдықтау желілерін ауқымды жаңғырту жоспарланып отыр
Мәжіліс депутаты Ақмола облысында көктемгі су тасқынына дайындық барысымен танысты
Қазақстанда тағам жеткізушілерге талап күшейеді
Гүлмира Сатыбалды апелляциялық шағым түсірді: сот не шешті?
Әзербайжан президенті Ақтаудағы ұшақ апатына Ресейдің кінәсі барын тағы айтты
Жас кәсіпкер қымыздан жасайтын балмұздағының сырын ашты
Мемлекет басшысы электровоз құрастыру зауытының жұмысымен танысты