Су тасқынына қарсы іс-шараларға 50 мыңнан астам волонтер жұмылды

Волонтерлер тұрғындарды эвакуациялауға атсалысып, құтқарылған адамдарға алғашқы медициналық, психологиялық көмек көрсетеді, гуманитарлық көмекті жинап сұрыптайды, жан-жаққа жөнелтіп, арық қазып, бөгеттерді күшейтеді. Қажет болған жағдайда құтқару және әскери құрылым қызметкерлеріне ыстық тамақ ұйымдастырады.Бүгінгі таңда волонтерлер шамамен 9903 тонна гуманитарлық көмек жинады, оның 6326 тоннасы «қызыл» аймақтарға жеткізілді және зардап шеккендерге таратылды.Ақтөбе облысында азаматтарды эвакуациялауға және гуманитарлық көмек пункттеріндегі жұмысқа 8600-ден астам волонтер жұмылды. Екі гуманитарлық көмек пунктінде 860 тонна гуманитарлық көмек жиналды. Волонтерлер күш-жігерінің арқасында 10 000 құтқарушы мен эвакуацияланған тұрғынға ыстық тамақ ұйымдастырылды.Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы іс-шараларда 8 000-нан астам волонтер жұмыс істейді, гуманитарлық көмек жинау пункттерінде 780 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды. 4000-нан астам волонтер қаланың әртүрлі аудандарында қаптарға құм толтырып, бөгеттер салып, судан қорғану шараларымен айналысып жатыр.Қостанай облысында 10 000-нан астам волонтер жұмылдырылып, 550 тоннадан астам азық-түлік, 720 тонна азық-түлікке жатпайтын қажетті тауарлар жиналды.Атырау облысында су тасқынына қарсы іс-шараларға 13 мыңнан астам волонтер тартылды, гуманитарлық көмек жинау пункттерінде 1890 тонна тауарлар мен заттар жиналды.Атырау қаласында бөгеттерді күшейту үшін 107 пункт орнатылды, әлі де бөгеттер салынып жатыр. Инфрақұрылымдық объектілерді қорғауға ерекше көңіл бөлінген.Солтүстік Қазақстан облысында 530 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды, Түркістан облысында 18 волонтерлер штабы құрылды, зардап шеккен өңірлерге 950 тонна гуманитарлық көмек жіберілді. Астана қаласының 30 волонтерлік ұйымы 1120 тонна азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын қажетті тауарларды жинап берді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Малайзия премьер-министрі торт сыйлады
Киіктердің ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздігі ескерілмей келеді
Алматыда жатақхана өртеніп, жеті отбасы далада қалды
Микрокредит алып, мерзімін өткізіп алғандарға пайдалы кеңес
Жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті
Абай облысында 37 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды
Мемлекет басшысын әлем елдерінің президенттері туған күнімен құттықтады
Хиджабын шешкен жұлдыздар кім?
Болашақ ықшамауданы тұрғындарына Құлсарыдан жер телімдерін беру ұсынылды
"Бөлуге дайынбыз". Министрлік құлсарылықтардың талабына жауап берді
Маңғыстау облысына жаңа әкім тағайындалды
Астанада 8 тұрғын террористік қызметпен айналысқан
«Қазақфильм» түсірген фильмдер бюджетін ақтамайды
Қытайлар ұйқысыздыққа душар болды
Астанада Сағадат Нұрмағамбетовтің ғасырлық мерейтойына орай симпозиум өтті
Димаш Президент сыйға тартқан Ғарышкерді көрсетті
Маңғыстау облыстық полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Қазақстан Президентінің туған күніне орай келіп түскен құттықтаулар
Қазақстандықтар маусымда қанша күн демалады?
Былтыр бюджеттен қанша млрд теңге тиімсіз жұмсалған? – Жоғары аудит жауабы
Қайрат Нұртасқа қатысты іс: сот қандай шешім шығарды?
Тасқын қаупі сейілген жоқ. Шәпкенов учаскелердегі кезекшілікті күшейтуді тапсырды
Тасқын қаупі сейілген жоқ. Шәпкенов кезекшілікті күшейтуді тапсырды
Қазақстандағы алпауыт білім беру платформасы түркі елдеріне жол тартты