Су тасқынына қарсы іс-шараларға 6 мыңға жуық әскери қызметші тартылды

27 наурыз бен 29 сәуір аралығында су тасқынына қарсы іс-шараларға 255 бірлік техника, армиялық авиацияның 12 тікұшағы мен 5 әскери-көліктік ұшағы жұмылдырылды. Ұшу уақыты 576 сағаттан асатын 590 артық ұшу жасалды. 3 475 адам эвакуацияланып, 1 770 адам және 233 471 келі жүк тасымалданды. Осы кезеңде барлығы 2,1 млн астам құм салынған қапшық дайындалып төселді. Жалпы ауданы 435,47 га болатын 40 нысанға дезинфекция жүргізілді.ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулин осындай мәліметтерді жария етті.Жағдайдың тұрақтануы мен су деңгейінің төмендеуіне байланысты Қарулы күштердің жеке құрамы мен әскери техникасының бір бөлігі Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарынан тұрақты орналасу пунктеріне қайтарылды.Орындалған жұмыстардың ішінде: Атырау облысында жергілікті тұрғындарға көмек көрсету, Жайық өзенінің жағалауын нығайту, Құлсары кентінде 2000 метрлік жағалау аумағын тазарту, «Басшы ата» орталық зиратының, №15 орта білім беру мектебінің және тұрақты су қоры сақталған алаңдардың аумағына дезинфекциялау жүргізу. «Ақтөбе облысында Ойыл өзені арқылы жергілікті халықты, техника мен жүктерді пароммен өткізу жалғасуда. Жайсаңбай ауылында жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді. Ақтөбе қаласында радиациялық-химиялық және биологиялық қорғау бөлімшесінің мамандары әлеуметтік маңызы бар объектілерге дезинфекциялау жұмыстарын жүргізді. Солтүстік Қазақстан облысында әскери қызметшілер Петропавл қаласында, Бескөл кентінде және Смирнов ауылында гуманитарлық көмекті түсіруге қатысты. Әскери паромдармен 2 рейс жасалып, Прибрежный ауылына 326 адам жеткізілді», - деді спикер мысал келтіре отырып.@ortcom_kz #CCS

Читать источник astanatv.kz/kz/
Сенат мемлекеттік қызмет туралы заңға өзгерістер енгізуді мақұлдады
Алматыда ШОБ субъектілері арасында жаңа жылдық үздік безендіруге арналған байқау басталады
Сарапшылардың Джалолов туралы айтқандары бір жерден шығып отыр
Брокколи мен қырыққабат аллергияның алдын алады
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Euronews: Ақтау маңындағы ұшақ апатына зымыран себеп болды
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Атырауда арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығының директоры сотталды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін