Су тасқынынан қырылған мал өтемақысын төлеудің алгоритмі әзірленді

Еліміздің су басқан аймақтарында 1 013 бас мал, соның ішінде 133 ірі қара және 809 бас ұсақ мал өлекселері өртеліп, жойылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Олжас Тлебалдин мәлім етті. «Су басқан өңірлерде 60 мыңнан астам мал қауіпсіз жерге көшірілді. Атап айтқанда, Ақмола облысында 18,8 мың бас, Қостанай облысы 12,9 мың бас, Ақтөбе және Атырау облысында 10 мың бастан жоғары, БҚО-да 4,5 мың бас және Қарағанды облысында 1,5 мың бас мал мен үй жануарлары құтқарылды. Жедел ақпаратқа сәйкес, су тасқыны салдарынан республиканың 7 өңірінде 5711 бас мал өлді, оның ішінде 1137 ірі қара және 4051 ұсақ мал бар», - деді Олжас Тлебалдин.Министрлік өкілінің айтуынша, бүгінде шығын болған мал (үй жануарлары) өлікселерін жинау және жою жұмыстары жалғасып жатыр. «Ол үшін 90 бірлік техника мен қызметкерлер штаты және өлекселерді жою шаралары үшін қажетті дизенфекциялық заттар қарастырылған. Бүгінгі таңда 1013 бас мал, соның ішінде 133 ірі қара және 809 бас ұсақ мал өлексесі өртеліп, жойылды», - дейді спикер. Айта кетейік, бүгінде Ауыл шаруашылығы министрі, вице-министрлер және ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің басшысы су басқан аймақтарды аралап жүр. «Мал иелеріне өтемақы төлеуге қатысты сәйкес алгоритм әзірленді, халыққа және залал анықтау жөніндегі комиссияның назарына жеткізіледі. Жалпы, су тасқынының алдын алу және жою мәселелері, сондай-ақ өңірлердегі эпизоотиялық жағдай министрліктің тұрақты бақылауында», - деді О. Тлебалдин.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Дияр Нұрғожайдың UFC-дегі алғашқы қарсыласы белгілі болды
4 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Оралда колледж студенті өлі табылды
Терроризмді насихаттаған әрі есірткіні заңсыз пайдаланған Алматы тұрғыны сотталды
Бірер күн бұрын ШЫҰ Бас хатшысы қызметіне кіріскен Нұрлан Ермекбаев Президенттің қабылдауында болды
Алматыда IT-экожүйені дамытуға 10 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды
Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесі жаңғыртылуда
Оңтүстік Корея ресми түрде "ең қарт қоғам" санатына енді
Астана маңында орын алған ЖКО-дан 86 адам,оның ішінде 14 бала құтқарылды
Астанада және Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
Елордада автокөлік ұрлаған адам ұсталды
Қазақстанда алдағы үш күнде қар жауып, күн суытады
2025 жылдың бірінші күні елімізде 9 егіз дүниеге келді
Қаңтардағы ҰБТ қай күндері өтеді?
"Лас, қауіпті және еш сиқыр жоқ": Асаубаеваның Нью-Йорктен көңілі қалды
Қар аралас жауын, көктайғақ: 4-6 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамы жарияланды
1 қаңтардан бастап некеге тұрмас бұрын генетикалық тест тапсыру міндеттелді
Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді
Ернар Айдар әкесі туралы жантебірентер жазба жариялады
Жетісу облысында ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан 11 адамды құтқарды
Жаңбыр және қар: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
«Қызғаншақ ене болуым мүмкін»: Ләйлә Сұлтанқызы ұлы туралы айтты
Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысын қабылдады
Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді