Су тасқынынан өзге де мемлекеттер зардап шегіп жатыр

Су тасқынынан өзге де мемлекеттер зардап шегіп жатыр. Мәселен, Ресейдің бірнеше аймағында төтенше жағдай енгізілген. Тасқынмен арпалысып әлек болғандар жайлы тілшіміз Дәрібек Бахытбек тарқатады. Ресейдің 20-дан астам өңірі су астында қалды. Бұған себеп -күннің күрт жылынуы, одан қоса жауын-шашынның көбеюі. Әсіресе Алтай өлкесінде ахуал ушыққан. 478 үй мен 2 мыңдай жер телімі бүлінді. Сондай-ақ 100 көпір мен 50 жолды су шайып кетті. РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ: 40 елдімекенді су басу қаупі бар. Ол - 478 тұрғын үй және 943 жеке учаске. Автожолдардың 9 учаскесіне шектеу енгізілді. 165 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оның ішінде 30 бала бар. Өңірде табиғи апатқа байланысты төтенше жағдай жарияланды. Саратов облысында да 24 өзен арнасынан асып, жергілікті қоймалардың су деңгейі қалыпты межеден 126 пайызға артқан. Новосібір, Ульяновск облыстарында да жағдай күрделі. Орынбор облысында қосалқы электр станциясын су басқан. Францияны да су басуы мүмкін деген қауіп бар. Тіпті Францияның оңтүстік-батысындағы Монморийон қаласында халық қайықпен жүр. Жауын-шашыннан кейін су деңгейі 5 метрге дейін көтерілген. Наурыз айының басында да елдің біраз бөлігін су шайып кеткен еді. Жағдай тағы қайталанып, қала түгел су астында қалды. Ал Мадагаскар аралының тұрғындары лай кешіп жүр. Өңірде алдымен дауыл тұрып, арты алапат су тасқынына ұласқан. Салдарынан 18 адам опат болды. Халық табиғаттың тосын мінезіне дайын болмаған сыңайлы. Мадагаскарда жыл сайын 30-40 тропикалық дауыл тұрса да, бір мезетте барлық мүлкін су басып кеткеніне көпшілік абдырап қалғанын айтады. Жер бетінде қазір осындай климаттық хаос орнаған. Бұл ғаламдық жылынудың салдары дейді әлемдік сарапшылар. Антарктидадағы мұздың еруі, мұхиттардың жылынуы мен қышқылдануы, парниктік газдардың мөлшері бұрын-соңды болмаған межеге жеткен.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде сарбаз қаза тапты
Белгілі «Яшлык» ансамблі 50 жылдық мерейтойын атап өтті
“Астана - Челси“ матчының билеттерін қашан сатып алуға болады?
Теннисші Жібек Құламбаева Португалиядағы турнирде жеңіске жетті
Nature Human Behaviour: Интернет қарт адамдарға оң әсер етеді
2025 жылы әлемдегі аштықпен күресуге 17 миллиард доллар қажет
Итальяндық радиостанция апта сайын Димаш Құдайбергенге хабар арнайды
Галактикалардың соқтығысуынан туындаған дыбыс толқыны Жерге жетті
Мектепте ұялы телефон қолдануға шектеу енгізген елдер қатары артып келеді
Адамның мінезі оның ғұмырының ұзақтығына әсер етеді
Жетісу облысындағы ауыл халқы биліктен мал жаятын жер сұрады
Белгілі «Яшлык» ансамблі 50 жылдық мерейтойын атап өтті
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Еуразия» кинофестивалі үздік жобаларға жол ашады деп сенемін
Тоқаев: «Еуразия» кинофестивалі үздік жобаларға жол ашады деп сенемін
Қазақстандағы туризм: проблемалар мен оларды шешу жолдары қайсы
Абай облысында 15 тонна шөп өртенді
Астана аспанында жойғыш ұшақтар ұшып өтті (ВИДЕО)
Қазақстанда ең арзан пәтерлер қай қалада?
Абай облысында 15 тонна шөп өртеніп кетті
Жылыту маусымы: Шымкентте қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Павлодарда он күн бұрын жоғалған әйел табылды
Серік Сәпиев Қарағанды облысының спорт басқармасын басқарады
Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай мерейтойлық марафон басталды
Павлодарда 10 күн бұрын жоғалған әйел табылды