Су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға көмек ретінде киіз үйлер жіберілді

Халықтың сұранысына орай сатып алынған жылу Арқалық қаласына қарасты "Екідің" және "Қызыл жұлдыз" елдімекендеріне киіз үйлер жөнелтілді. Қостанай өңіріндегі бұл ауылдарды су басып, үйлер қирап, шарасыз қалған халық түгел көшірілген еді, деп хабарлайды Almaty.tv.Сондықтан, кәсіпкерлер жергілікті тұрғындардың жан-айқайын тыңдап, қандай мұқтаждық басым екендігін біліп, жағдайды көзбен көру үшін осы ауылдарға арнайы барған еді. Уақытша паналайтын киіз үй сұраған халықтың тілеуі көп ұзамай орындалды. - Су тасқынының салдарынан тірнектеп жинаған барлық дүние-мүлкінен, малынан айырылған халықтың жағдайы әлі күнге дейін күрделі екендігіне көзіміз жетті. Тұрғындардың көпшілігі паналайтын орын таппай қиналып отыр екен. Сондықтан, көптің тілеуі - киіз үй болды. Біз, жиналған халыққа уәде етіп, бірден тапсырыс бердік. Тапсырысымыз уақытында дайын болып, мінекей, бүгін киіз үйлерді ауыл ішіне құрып, халыққа табыстадық, сөзімізде тұрдық. Бастысы, киіз үйлердің сапасына мән бердік. Барлығы талапқа сай жасалды. Жергілікті халық ризашылығын, шексіз алғыстарын білдіріп жатыр. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл", - дейді ғой. Сондықтан, қандай қиыншылық болса да, халықпен бірге болайық, - деді меценат Қасым Қасабеков. Еске салайық, су тасқыны кезінде Арқалық қаласына қарасты "Екідің" және "Қызыл жұлдыз" ауылының тұрғындары тікұшақтың көмегімен қауіпсіз аймаққа, Арқалық қаласындағы эвакуациялық пункттерге көшірілген еді. Жалпы, қала аумағындағы су басқан ауылдарда 87 үй, ал тек Екідің ауылының өзінде 38 баспана тұруға жарамсыз деп танылған. Бүгінде жаңа үйлердің құрылысы басталып, халыққа бірте-бірте өтемақы төленіп, шығын өтеліп, кәсіпкерлер тарапынан да тиісті көмек көрсетіліп жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Бауырына салу» фильмі тағы бір халықаралық марапатқа ие болды
Емнің де сұрауы бар
Айқап» беттерін ақтарсақ...
Әлемде аллергияның әлегіне түскендер көбейген
Елде темір жолдарды жөндеу жұмыстарының 96%-ы аяқталды
Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылығы ведомстволары агроөнім саудасын жеңілдетуге ұмтылуда
Көлік полицейлері ҚТЖ-да дизель отынын ұрлаған қылмыстық топты ұстады
Жаңа жыл қарсаңында пойыз билеттеріне жеңілдік жасалады
Алматыда «Күз-2024» шақыру компаниясы аяқталды
Еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында «KAZ» және «KZ» жаңа индекстері бекітілді
Мұстафа ӨЗТҮРІК: «Батыр болам десең, елің мен жеріңді сүй»
WSJ: Трамп сайлауының демеушісі соғысқа ықпал етуі үшін Солтүстік ағын 2-ні сатып алмақ
Тарихта алғаш рет: Қазақстандықтар каратэден командалық әлем чемпионатына қатысады
Павлодар облысында жүргізуші желідегі видеосынан кейін айыппұл арқалады
Түнгі жүгіріс»: елордада өткен іс-шараға 1500 әуесқой қатысты
Жетісу облысында дизель отынын ұрлаған машинистер сотталды
Шымкент әкімдігі жаңа жылдық безендіруге 80 млн теңге жұмсамақ
Қазақстандықтарға жылу үшін төленген 700 миллион теңгеден аса ақша қайтарылады: 23 қараша 2024, 13:21 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Алматыда моншадағы өрт сөндірілді
Биткоин бағасы 100 000 долларға жақындады. Өсу жалғасуда
Бүгін – Мұстафа Өзтүріктің туған күні
Шенеунік жетім балалардың құқығын бұзғаны үшін сот алдына келді: 23 қараша 2024, 13:09 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Шенеунік жетім балалардың құқығын бұзғаны үшін сот алдына келді
Лукашенко 2020 жылы интернетті өшіргенін мойындап, тағы қайталайтынын айтты