Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар салықтан босатылады

Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтардың міндетті салықтардан босатылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі."Ашық НҚА" Мемлекеттік кірістер комитетінің "Қазақстан Республикасының өңірлерінде су тасқынынан зардап шеккен адамдар үшін салықтық әкімшілендіруді реттеудің өзге тәртібін белгілеу туралы" бұйрығы жарияланды. Мұнда су тасқынынан зардап шеккендердің тізіміне енген салық төлеушілер 2024 жылы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейін салық төлеуден босатылатыны жазылған. 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын салық есептілігін тапсыру мерзімі 2024 жылғы 1 шілдеге ауыстырылмақ. Одан бөлек, салыққа байланысты өсімпұл да 1 наурыздан бастап шілдеге дейін есептелмейді. "Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету және салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдау 2024 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын. Орындау мерзімі 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын, камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімі 2024 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылсын", – делінген бұйрықта.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Оңтүстік Кореядағы ұшақ апатының алдын ала себебі белгілі болды
Ақтөбеде құдыққа құлап кеткен адам құтқарылды
Қазақстандағы ақша айырбастау орындарындағы доллар бағамы қанша
Ильхам Алиев: Бұл қайғылы оқиға үлкен сынақ болды
Бибісара Асаубаева рапидтен әлем чемпионатында үздік ондыққа енді
Алматылықтарды сүйсіндірген патрульдік полицей
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Президент марапаттаған азаматтардың тізімі жарияланды
Ядролық медицина орталығы жылды қорытындылады
Қазақстан жастар құрамасы жер болды
Ақмарал Әлназарова қазақстандықтар алғыс айтты
Грузияның жаңа президенті қызметіне кірісті
Комитет төрағасы тағайындалды
Оңтүстік Корея бір апталық аза тұту жариялаls
Үш облыста ауа райының бұзылуына байланысты жолдар жабылды
Сенаторлар Алматы полициясында есеп беру кездесуін өткізді
Президент бір топ қазақстандықты мемлекеттік наградалармен марапаттады
Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев ұшақ апаты кезінде адамдарды құтқарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты
Еліміздің үш облысында жол жабылды
Ақтау маңында апат болған ұшақтың қара жәшіктері Бразилиядағы орталыққа жіберіледі
«Небәрі 29 секунд»: Ақтау маңында құлаған ұшақтың капитаны өлер алдында бір сөз айтқан
Ақтауда апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуе кемесінің қара жәшігі Бразилияға жіберілетін болды
Ертең еліміздің 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ақтөбеде құдыққа құлап кеткен адам құтқарылды
Ұлытау облысында жоғалып кеткен 5 адам табылды