Су тасқынынан зардап шеккендердің несиесін шегеру керек. Бұл мәселені Мақсат Толықбай депутаттық сауалында көтерді. Комиссия залалды есептегенше 4-5 ай уақыт кетеді. Сондықтан ауылшаруашылық несиелерін 3 жылға шегеру керек деп ұсыныс тастады. Бұдан өзге, депутат құжаты жоқ үйлер мен сырғасы жоқ төрт түлікке байланысты да мәселені шет қалдырмауды сұрады. Мақсат ТОЛЫҚБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Ертең ел-жұрттың есін шығаратын тағы бір мәселе бар. Алыстағы ауылдарда суға кеткен кейбір үйлердің әлі күнге дейін құжаты жоқ. Қора-қопсысы мен құлағында сырғасы жоқ малдары туралы айтпай-ақ қояйын. Қазақ ауылдағы қорасына қашан құжат рәсімдетіп еді? Оларды қайтеміз? Осы жағын да ойластыру керек