Тасқын судан зардап шеккендер үшін қарастырылған 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір реттік төлем 11 мыңнан аса отбасыға төленді. Сонымен қатар баспанасы суда қалған тұрғындардың үйін қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда жаңа үй салу немесе нарықтан дайын баспана сатып алу шешімі ұсынылған. Сондай-ақ 4 мыңнан аса бала сауықтыру лагерлеріне, оқу орындарының жатақханаларына, мектептер мен лицейлердің интернаттарына орналастырылған. Тамара ДҮЙСЕНОВА, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:Өтелмеген несиесі бар азаматтарға Банк пен микроқаржы ұйымдары 1 сәуірден бастап 30 маусымға дейінгі аралықта берешекті өтеу мерзімін ұзартуды қарастыруда. Осы аралықта зардап шеккендерге айыппұлдар салынбайтын болады. Мұндай шара жеке кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес өкілдеріне де ұсынылады.