Қазақстанның Кәсіподақтар федерациясы су тасқынына ұшыраған өңір тұрғындарына шипажайлардан орын бөлді. Бұл туралы федерацияның төрағасы Сатыбалды Дәулеталин мәлім етті.«Еліміз су тасқынымен күресуде. Біз сабыр танытып, ынтымақта апат салдарын жоюға тырысып жатырмыз. Төтенше жағдайда біздің кәсіподақ еріктілерді тартып, гуманитарлық және қаржылай көмек беріп жатыр. Қазіргі таңда Кәсіподақтар федерациясының 7 шипажайында 186 орын бөлініп отыр. Қазір су басқан өңірлердің тұрғындарын орналастырып жатырмыз. Осындай қиын сәтте ел болып, асарлатып, зардап шеккендерге көмектсуге шақырамыз. Шуақты күндер алдымызда, оның келетіні күмәнсіз», - деді Сатыбалды Дәулеталин форум барысында. Айта кетейік, бүгін Астанада «Еңбек саласындағы әйелдер: Жаңа шешімдер уақыты» атты Қазақстан еңбекші әйелдерінің І форумы өтіп жатыр. Шараны Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы ұйымдастыруда, оған Халықаралық еңбек ұйымы, БҰҰ, Мәжіліс депутаттары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері және еңбек әйелдері қатысуда.