"Су тасқынынан зардап шеккендерге тиісті көмек көрсетіледі",-Президент

"Су тасқынынан зардап шеккендерге тиісті көмек көрсетіледі",-Президент

Үйін су басып, дүние-мүлкінен айрылған халыққа көмек көрсетіледі. Бұрын-соңды болмаған табиғи апаттан зардап шеккендердің ешбірі елеусіз қалмайды. Бүгін Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мәлімдеді. Президент Теректі, Сырым және Қаратөбе аудандарын тікұшақпен аралап шықты. Үйі суға кетіп, Қаратөбе ауданындағы мектеп-гимназияға орналастырылған 174 тұрғын қазір ас-сумен, өзге керек-жарақпен қамтылған. Қобыланды ЖҰМАҒАЛИЕВ, АҚҚОЗЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Тосыннан су келді. Судың биіктігін айтатын болсам, мынау жүріп жатқан грейдеріміздің өзі 2 метр биіктікте. Анау бөгеген, ауылды қоршаған дамбамыз оның өзі 2,5 метр биікте. Соның үстінен кетті су. Біз енді үлгіре алмай қалдық. Заттарымызды да алып үлгіре алмай қалдық. Малымыз қалды қорада. Ауылда қалған азамат-азаматшалардың бәрі сол қауіпсіз орынға көшірілді. Халық аман, қазақ елі аман болсын деп айтқымыз келеді! Жиған-тергенінен бір сәтте айрылып, дағдарған жұртты жұбатқан президент мұндай апаттың бұрын болмағанын айтты. Биылғы жойқын судың залалы 1994-жылғы тасқыннан да асып түсті. Дегенмен зардап шеккендерге көмек көрсетіледі, деді мемлекет басшысы. Қазірдің өзінде оларға бір реттік жәрдем ретінде 63 миллион теңге бөлінуі халықтың қуаты бірлікте екенін дәлелдегендей. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Арнайы өзім келіп отырмын хал-жағдайларыңызды сұрап білейін деп. Бұл - үлкен табиғи апат. Бұрын-соңды болмаған. Мемлекет, Үкімет баршаңызға қол ұшын береді. Материалдық, қаржылық көмекті көрсетеді. Сондықтан алаңдамаңыздар. Бәрі дұрыс болады. Тиісті қаражатты бөлеміз. Бүгінде Орал қаласы мен 6 ауданды су басып, 900-ден астам баспана бүлінген, 7 мыңға жуық тұрғын көшірілді. Ендігі міндет - бәрін қалпына келтіру. Өңірде жедел штаб жиынын өткізген президент осыны тапсырды. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Мен зардап шеккен аудандарды аралап шықтым. Апаттың ауқымын, шығынды көріп отырмын. Қаншама дүние-мүлік, электр желілері судың астында қалды. Жолдар мен көпірлер шайылып кетті. Барлық негізгі мәселе шешілгеннен кейінгі ең басты міндет – қайта қалпына келтіру. Үкіметке жаңа типтегі үйлер салу немесе бұрыннан бар үйлерді реконструкциялау жөнінде арнайы жоспар әзірлеуді тапсырдым. Бұл мәселені оңтайлы шешеміз деп ойлаймын. Ахуалдың ауыр екенін бұған дейін де айттым. Үкіметтің, Республикалық штабтың жетекшілігімен облыс әкімдері бұл міндетті дұрыс атқарады деп санаймын. Көктем күшіне мініп, күн жылынарын ескерсек, жағдай әлі ушығуы мүмкін. Бұған дейін мамандар тасқынның екінші толқыны болатынын болжаған еді. Президент оған дайын болуды тапсырды. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Бұдан сабақ алуымыз керек. Су тасқыны кезеңіне жыл сайынғы дайындық жұмыстары жаз-күз мезгілдерінде басталуы қажет./+/Елімізде тиісті сала мамандарының тапшылығы проблемаға айналып отыр. Аталған жағдай осы түйткілді анық көрсетті. Кезінде білім саласындағы бұл бағытты елеусіз қалдырдық. Енді олқылықтың орнын толтырып, гидротехник, ирригатор, жалпы су саласына байланысты мамандарды тез арада даярлауымыз керек. Бүгінде суға кеткен төрт түліктің есебі жоқ. Енді қырылған малдан індет таралуына жол бермеу керек. Салынар және жөнделер үйлердің құрылысын тездетіп, бағаны бақылауды тапсырған президент көктемгі қарбаласқа ертерек дайындалуды жүктеді. Әсіресе суы мол өзендердің арнасын реттеу үшін суқойма салу маңызды. Сонда қажет су қорын сақтап, еліміз қарғын судың игілігін де көрер еді. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Қазір тиісті мекемелердің бәрі белсенді жұмыс істеп жатыр. Бірқатар аймақты қарғын су басып қалды. Кейбір жерде тасқын су көтеріліп жатыр. Бұл – табиғи апат. Қысқасы, алдымызда тұрған жұмыс өте ауқымды. Бәріміз бір ел, бір ұжым болып осы апатты еңсеруіміз керек. Басқа жол жоқ. Тасқын судың салдарын жою үшін нақты шаралар қолға алынды. Қауіп-қатердің алдын алу жұмыстары атқарылуда. Менің тапсырмам бойынша облыстардың әкімдері жұмысқа белсенді кірісті. Мұндай апаттың алдын алу үшін Төтенше жағдайлар министрлігіне орталық және жергілікті атқарушы органдарды бақылау құзіретін беру қажет. Ал мемлекеттік органдардың осындай кездегі бірыңғай әрекет ету алгоритмі әзірленсе, төтенше жағдай режимін жариялаудан бастап, келтірілген шығынды өтеуге дейінгі барлық іс-қимыл нақты қамтылады, деді Президент.

Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
  • Massaget
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
  • el.kz
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
  • sn.kz
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
  • Massaget
“Қанды желтоқсанның сызы әлі байқалады”: желтоқсан оқиғасына қатысқандар не дейді?
“Қанды желтоқсанның сызы әлі байқалады”: желтоқсан оқиғасына қатысқандар не дейді?
  • bugin.kz
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
  • sn.kz
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
  • el.kz
  Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
  • aikyn
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
  • Massaget
Ауыл шаруашылығы вице-министрі  Алматы облысына барды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
  • el.kz
  «Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
  • aikyn
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
  • el.kz
ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті
ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті
  • el.kz
  Алматыдан 88 шақырым аумақта жер сілкінді
Алматыдан 88 шақырым аумақта жер сілкінді
  • aikyn
Алматы маңында жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді
  • baq.kz
Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінді
Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінді
  • sn.kz
Ер адамдар неге көзге шөп салады? Психолог жауабы
Ер адамдар неге көзге шөп салады? Психолог жауабы
  • Massaget
  Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады
  • aikyn
Ақмола облысында тұрғын үй өртенді
Ақмола облысында тұрғын үй өртенді
  • baq.kz
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
  • aqshamnews
Бақыт Сәрсекбаев: "Олимпиаданы жеңгенде өзбектер қатты өкінді"
Бақыт Сәрсекбаев: "Олимпиаданы жеңгенде өзбектер қатты өкінді"
  • penalty
Елордада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Елордада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
  • baq.kz
Тар киім кию қатерлі ісіктің пайда болуына әкелетіні рас па?
Тар киім кию қатерлі ісіктің пайда болуына әкелетіні рас па?
  • Massaget
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
  • aqshamnews
Магический разбор выходных
Магический разбор выходных
  • Smi24
Қырғыз президенті Садыр Жапаров футбол турниріне қатысып, 14 гол соқты
Қырғыз президенті Садыр Жапаров футбол турниріне қатысып, 14 гол соқты
  • 1bol.kz
9 алтын медаль! Қазақстандық спортшылар әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді
9 алтын медаль! Қазақстандық спортшылар әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді
  • sn.kz
Қазақстан хоккей құрамасы Ресейден жеңіліп қалды
Қазақстан хоккей құрамасы Ресейден жеңіліп қалды
  • sn.kz
Қазақстан аралас жекпе-жектен әлемнің үздік құрамасы атанды
Қазақстан аралас жекпе-жектен әлемнің үздік құрамасы атанды
  • bassport.kz
Екібастұздық зейнеткер ауруханада 13 миллион теңгесінен қағылды: 15 желтоқсан 2024, 17:40 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Екібастұздық зейнеткер ауруханада 13 миллион теңгесінен қағылды: 15 желтоқсан 2024, 17:40 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Грузияда бұрынғы футболшы президент атанды
Грузияда бұрынғы футболшы президент атанды
  • sn.kz
Дзюдодағы "юко" ұпайы қайтарылады
Дзюдодағы "юко" ұпайы қайтарылады
  • penalty
Талғар тұрғындары жаңа әкімді сайлап жатыр: 15 желтоқсан 2024, 13:06 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Талғар тұрғындары жаңа әкімді сайлап жатыр: 15 желтоқсан 2024, 13:06 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды: 14 желтоқсан 2024, 12:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды: 14 желтоқсан 2024, 12:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Елде полиция күшейтілген режимге көшті: 14 желтоқсан 2024, 10:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Елде полиция күшейтілген режимге көшті: 14 желтоқсан 2024, 10:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев энергетиктерді марапаттады: 13 желтоқсан 2024, 15:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев энергетиктерді марапаттады: 13 желтоқсан 2024, 15:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
  • TengriNews
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
  • TengriNews
«Бала-шағамды кім асырайды?»: Әнші Сырым Исабаев жұртты ойландырып қойды
«Бала-шағамды кім асырайды?»: Әнші Сырым Исабаев жұртты ойландырып қойды
  • sn.kz
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жас мерейтойына арналған концерт өтті
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жас мерейтойына арналған концерт өтті
  • el.kz
Батыс көшбасшылары Украинаға Еуроодақ әскерін жібермек
Батыс көшбасшылары Украинаға Еуроодақ әскерін жібермек
  • halyq-uni
«50 мың доллардың үйінде тұрғысы келмейді»: Айдарбекова Жұлдыздың жақсы жағдайға әбден үйренгенін айтты (ВИДЕО)
«50 мың доллардың үйінде тұрғысы келмейді»: Айдарбекова Жұлдыздың жақсы жағдайға әбден үйренгенін айтты (ВИДЕО)
  • sn.kz
Алматыға жақын жерде жер сілкінді
Алматыға жақын жерде жер сілкінді
  • qaz365.kz
Алматы қаласынан солтүстікке қарай 88 шақырым жерде жер сілкінді
Алматы қаласынан солтүстікке қарай 88 шақырым жерде жер сілкінді
  • almaty_tv
Қостанайда миында сырқаты бар жігітті әскерге алып кеткен
Қостанайда миында сырқаты бар жігітті әскерге алып кеткен
  • turkystan
Қарағандыда тұрғын үй өртеніп, алты адам құтқарылды
Қарағандыда тұрғын үй өртеніп, алты адам құтқарылды
  • turkystan