Су тасқынының алдын алуға кей аймақтар дайын емес

Еліміздің басым бөлігі қызыл аймақта, яғни су тасу қаупі жоғары. Алайда, көктемгі су тасқынының алдын алуға кей аймақтар дайын емес. Қазгидромет мамандары алдағы күндері күн күрт жылынады деп болжап отыр. Ауа температурасы жоғарылап, қар еріп, өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін. Өңірлердегі ахуалды тілшілеріміз жеткізеді.Мөлдір ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Қызылордада биыл су тасу қаупі өте жоғары дейді мамандар. Себебі былтыр осы уақытта облыс аумағына Шардара су қоймасынан 100 текше метрден аса су құйылған. Ал қазір секундына 800-850 текше метр су келіп жатыр. Сырдарияны бойлай қоныстанған елдімекендер мен саяжайлардың тұрғындары үрейленіп отыр. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Малымыз бар, үйіміз бар. Оны қайда тастап кетеміз? Болады ғой қорқыныш. Бірақ не істейміз, амал жоқ. Биссмиллямызды айтып отырамыз - Жылда болады, жылда өтіп кетеді. Түнде 12-1де отырамыз жиналып, бөгеттің басында. Құдайға сыйынып, айтқанымызды істеп, білгенімізді айтып. Содан өтіп кетеді ғой жарысылып. Биыл қайта қатпаған ғой. Жиектері ғана қатқан 3-4 метр. Ортасы ағып жатыр. - Су тасқынының алдын алуды Сырдарияның арналарын тазалаудан бастау керек. Өзеннің тереңдігі бұрын 15-20 метр болатын. Қазір шамамен 2-ақ метр. Құм толып қалған. Сондықтан сең жүрген уақытта су бірден көтеріледі. Мамандардың айтуынша, Сырдарияның Арал мен Жаңақорған ауданы аумағындағы мұздың қалыңдығы – 15-50см. Сең жүрген уақытта елдімекендерге қауіп төнсе, мұзды жару жұмыстары жүргізіледі. Ал қазір жедел штаб құрылып, дайындық шаралары күшейтілген. Бейбітхан СПАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ: Облыс аумағында 60 эвакуациялық жинақтау пункті және 78 эвакуациялық қабылдау пункті орналасқан. Осының барлығы әзірлікке келтіріліп, қазіргі уақытта жедел штаб жұмысы жұмыс атқаруда. Мөлдір ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Қазгидромедтің болжамы бойынша, Қызылордада 10 ақпаннан кейін күн жылиды. Төтенше жағдай мамандары осы уақытта өзен бойында күндіз-түні кезекшілік ұйымдастырылмақ. Ал Павлодарда ахуал қандай? Оны әріптесім Өзгеріс Қуанар айтады. Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ: Павлодар облысында 43 елдімекенде су басу қаупі бар. Бұған еріген қар суынан бөлек өзен және су қоймаларының тасуы себеп болуы мүмкін. Қазір өңірде тасқынға дайындық шаралары басталды. Аймақта тасқын қаупі басым екі аудан бар. Бұл – Баянауыл мен Ақтоғай аудандары. Мұнда жыл сайын еріген қар суы мен су қоймаларынан қауіп төнеді. Қаршыға АРЫНОВ, АҚТОҒАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Аудандағы 31 елдімекеннің 4 елдімекені су басу қаупіне ұшырайды. Оның ішінде Жолболды ауылдық округінің Шұға және Шілікті ауылдары Жалаулы ауылы қалың қар еруінен және Ақмола облысы «Сілеті» су қоймасынан су ағызудан Жалаулы ауылдық округі Шолақсор ауылы. Төтенше жағдай мамандарының хабарлауынша, елдімекендерде қар шығару жұмыстары дұрыс жүргізілмеген. Павлодар және Май аудандарында су өткізу құбырлары әлі орнатылмапты. Бұл қауіпті күшейтеді. Жасұлан ЖҰМАШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫ: Екібастұз өңірінде Қ.Сәтбаева каналының 87 бөгетіндегі 4 су торабын жөндеу мәселесі проблемалалы күйінде қалып отыр. Су жарып кету жағдайында ар жағында тұрған Шиқылдақ ауылы мен Шідерті елді-мекендерін су басу қаупі туғызады. Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ: Биыл қардың мөлшері былтырғыға қарағанда едәуір көп. 21 процентке артық түскен. Десе де, мамандар тасқын бола қалса, техникамыз сақадай-сай деп арқаны кеңге салып отыр. Әрі қарай атыраулық әріптесіме сөз беремін, Базаргул Нәдірқызы өңірде су тасқынына дайындық қалай болып жатқанын айтады. Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Жуырда Үкімет отырысында аты аталған су тасу қаупі бар өңірлердің қатарында Атырау облысы да бар. Алайда жергілікті шенділер биыл су басу қаупі жоқ деп алаңсыз отыр. Облыстағы Жайық және Қиғаш өзеніне су Ресейдегі Волгоград пен Ирикла су қоймаларынан құйылады. Қазір Ирикла су қоймасынан секунына 15 , Волгоград су қоймасынан 51 000 текше метр су құйылуда. Есмұхан ҚАЖКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫЛДЫРУ ДАЯРЛЫҒЫ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Ағымдағы жылдың көктемінде облысымызда су басу қаупі болжанбайды. Қазіргі кезде қарасаңыз Ирикла су қоймасында 2 млрд 200 млн текше метр су бар. Ал оның сыйымылығы 3 млрд 260 млн текше метр. Қазір бос сыйымдылық 1 млрд 10 млн текше метрдей тұр бос орын. Аймақ атқамінерлері былтыр да қауіп жоқ деген еді. Алайда Ноғайты өзені тасып, Сағыз ауылын су шайып кете жаздаған болатын. Асау өзен 3 метрге дейін көтеріліп, облыстық маңызы бар автокөлік жолын жаруға тура келді. Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Қыстың бітуіне бір ай қалса да Атырауда жер қара. Биыл қар жауып қарық қылған жоқ. Биліктегілер көктемде нөсер көп болса, жылдағыдай жер үйлерге қауіп төнуі әбден мүмкін дейді. Сондықтан әкімдіктегілердің дайындық жұмысын пысықтау үшін төтеншеліктермен біргі тексеруге шығамыз деп отыр. М. Тоқтасынқызы

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
Семейде мұғалімдерді шырша безендіруге тартқандар жауапқа тартылады
Ресейден Қазақстанға өзбекстандық экстрадицияланды
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Мені ешкім өзбек деп ойламайды | Айтысты көп көрдім – қазақшам жақсарды | 4 тілді жетік білемін