Судандағы қақтығыстардан қаза тапқандар саны 56-ға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.Lenta.ru агенттігі хабарлағандай, дәрігерлердің айтуынша, 596 адам зардап шеккен. Суданның Орталық комитеті бұған дейін 25 адам қаза тауып, 183 адам жараланғанын хабарлаған. Бұған дейін БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриштің ресми өкілі Стефан Дюжаррик Судандағы қақтығыс тараптарымен келіссөздер жүргізген болатын. Ол оларды соғыс қимылдарын тезірек тоқтатып, келіссөз үстеліне оралуға шақырды. БҰҰ Бас хатшысы Судандағы бейбітшілікті орнатуға одан әрі көмек көрсетуге дайын екенін білдірді. Бұған дейін Судандағы тұрақты армия мен жедел әрекет ету күштері арасындағы қақтығыстардың өрши түскені туралы ақпарат тараған болатын.