Судандағы қарулы қақтығыс 7 млн адамды үйін тастап кетуге мәжбүр етті – БҰҰ

Суданда жалғасып жатқан қарулы қақтығыс 7 млн адамды үйлерін тастап кетуге мәжбүр етті. Kazinform бұл туралы Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.Бұл туралы БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар Филиппо Гранди X әлеуметтік желісінде хабарлады. «Жеті миллион босқын мен қоныс аударған адамдар. Бірақ әлем бұған бейжай қалды», - деп жазды ол. Судан армиясы мен жедел елеу күштері арасындағы қарулы қақтығыс 15 сәуірде басталды. Қақтығысқа себебі ЖЕК-ты армия құрылымына біріктіру мәселесі болды. Ел астанасында басталған ұрыс көп ұзамай басқа аймақтарға да тарады. Судан үкіметі халықаралық қауымдастықты ЖЕК-ті «лаңкестік топ» деп жариялауға шақырды. Қантөгіс атысты тоқтату туралы келісім жасалып, қақтығысқан тараптарға халықаралық қысым жасалса да тоқтамады. Ел астанасы Хартумнан бөлек елдің батысы мен оңтүстік-батысындағы тоғыз провинцияда ауыр қару қолданылған ұрыс жүріп жатыр. БҰҰ мәліметінше, 25 млн судандық азамат, яғни халықтың жартысына жуығы гуманитарлық көмекке зәру. Армия мен ЖЕК арасындағы ұрыс салдарынан 10 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тауып, мыңдаған адам жарақат алды. Халықаралық қауымдастықтың атысты тоқтатуға қол жеткізу әрекеттері өзара айыптаулар мен тараптардың алға қойылған шарттарды келісе алмауынан нәтиже бермеді. Келіссөздер аясында тараптар соңғы рет 7 қарашада Сауд Арабиясының Жидда қаласында кездесті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкенттегі хайуанаттар бағында жолбарыс үш аяқтап қозғалып, ақырған дауысымен жұртты шошытты
«ҰБТ-ға көмектесіп жүр: Оқушыларға сабақ берген 93 жастағы кейуана көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)
Мейрамбек Бесбаев Мақпал Жүнісованы туған күнімен құттықтады
Қазақстандықтар туу туралы куәлікті ХҚКО-ға бармай-ақ ала алады
Тарихтағы 15-ші жеңіс
Шекарашылардың жағдайын жақсарту талқыланды
Эстондық акробат Дубайда 224 метр биіктікте арқанмен 100 метр жүріп өтті
Қазақ қызы UFC сапына қосыла ма?
Қазақстан хоккейшілері Универсиадада жеңіске жетті
Алматыда халықтың әлеуметтік осал санаттарына 17 көмек түрі көрсетіледі
Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа спорт кешені салынады
"7-20-25" пен "Баспана хит" ипотекасында салық шегерімдері ашылды
Жел күшейіп, көктайғақ болады
Италиядағы курортта қар көшкіні жүріп, адамдар қаза тапты
“Әйелімді тыныштандыруға тырыстым“. Ақтау маңындағы ұшақ апатынан аман қалған жолаушы
Қазақстандықтар туу туралы куәлікті ХҚКО-ға бармай-ақ ала алады
“Арандатушылыққа берілмедім“. Хабиб Нурмагомедов ұшақта болған жайтқа пікір білдірді
Шерзат Болаттың әкесіне меценат үй салып беретін болды
Маңғыстаумұнайгаз АҚ-на 32 млрд айыппұл салынды
Астанада қар тазалауға 2400-ден астам жол жұмысшысы жұмылдырылды
«Нәсілшілдік»: Хабиб Нурмагомедов ұшақта не болғанын ашып айтты
Халықаралық іздеуде жүрген 24 жастағы қазақстандық ұсталды
Алматыдағы полицей өлімі: желіде жанжалдың видео жарияланды
“Дәрігер бұрын сотталған“. Мұрнына ота жасатқан қыз қайтыс болды