Суицид жасаған курсант қаза боларынан екі күн бұрын депутатқа хат жазған

Депутат Руслан Берденов әскери қызметкерлер мен курсанттардың арасындағы лудомания мәселесіне қатысты ҰҚК өкілдеріне ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz.Берденовтің сөзінше, жақында мерт болған марқұм жігіт қаза боларынан екі күн бұрын оған аноним түрде хат жазған екен."Бұл бір ғана жағдай емес. Бұл жағдайға қатысты кішігірім есеп жасай ғана қоймай үлкен жұмыс істесеңіздер дұрыс болады. Себебі бұл әскер орындардағы өте үлкен проблема. Мен күніге әртүрлі хат алып тұрамын. Депутаттар ретінде адамдармен бөлек кездесіп жүрміз. Бұл өте күрделі проблема. Осыны аңғарып, өздеріңіз үшін дұрыс баға қойыңыздар", - деді депутат Мәжіліс отырысында. ҰҚК өкілі бұл жайттан хабардар екенін айтты. "Бәрін түсініп отырмыз, бәрін біліп отырмыз. Қолдан келген шараның бәрін істейміз. Проблеманы білеміз. Шұғыл және жауапты шешімдер қабылдаймыз", - дейді ҰҚК өкілі Мәжілісте. Еске салайық, 1 мамырда ҰҚК Академиясының жатақханасында 3-ші оқу жылы курсантының денесі табылған еді. Өлімнің себебі - өзін-өзі өлтіру. Бостандық аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Facebook, Youtube және Instagram желілері істен шықты
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде
Шетелдіктерге тәркіленген Қоспаев ҰҚТ мүлкін сатпақ болған - ҚМА
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде
Қазақстанда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
Тағы бір өңір ваучерлік қаржыландыру жүйесіне қосылды
Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр
Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында қазақстандық оқушылар 100% нәтиже көрсетті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына барды
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады
Олжас Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты
Доллар тағы қымбаттады
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионаты алдында екі жолдастық кездесу өткізеді
Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды
№29 қалалық емханада аудиологиялық скринингтің кабинет ашылды
Алатауды әуелеткен күй ғұмыр
Қазақ циркінің жұлдыздары халықаралық фестивальде Алтын жүлде иеленді
Қазақстанда жауапсыз жұмыс берушілердің тізімі пайда болады
Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді
Көз жанарының сақшысы
Алматыда «Наркостоп» жобасының 2024 жылғы қорытындысы жасалды