39 жастағы неміс-түрік актриса Мерьем Узерли соңғы кездері көпшілік алдына сирек шығады, алайда "Сүлеймен Сұлтан" сериалының жұлдызы 76-шы Канн кинофестивалінің ашылуында көрінді. Хюррем сұлтан рөлімен танылған актриса қазір қандай?Мерьем Узерли қалай танымал болды?Мерьем Узерлиге Ыстамбұлда тұратын неміс-түрік құрбысы тарихи сериалға кастинг жарияланғанын айтады. Содан соң Мерьем бір күнде қажет заттарын жинап, жолға шығады. Мерьем түрік тілінде еркін сөйлемейтін және актерлік тәжірибесі де аз болды. Десе де, режиссерлер екі жүз үміткердің ішінен оны таңдайды.Роксоланаға ұқсау үшін Мерьем шашын қызғылт-сарыға бояп тастайды. Бұл Хюррем сұлтанның визит картасына айналды.Ол "Сүлеймен Сұлтан" сериалы көрермендерге ұсынылғаннан бастап жұлдызға айналды. Бұл актрисаны тек Түркияда емес, әлем бойынша көпшілік ұнатты. Бірақ оған қарамастан, ол үшінші маусымның соңғы серияларында жобадан кетеді. Продюсерлер бұл актрисаның шаршағандығымен байланысты екенін айтқан болатын. Бірақ кейінірек оның себебі басқада болғаны анықталды: Мерьем болашақ күйеуі — кәсіпкер Джан Атешпен қатынастары онша емес кезде жүкті болып қалған. Кәсіпкер алаяқ болып шығады, Мерьем онымен қатынасын үзеді. Ол Лара есімді қызды дүниеге әкеліп, түсірілімдерді тоқтатады. 2021 жылы актриса екінші рет ана атанады. Ол қызын Лили Кои деп атайды. Мерьем оқырмандарына күйеуі жайлы ештеңе айтпайды, тек оның американдық екені белгілі.Мерьем Узерли қазір қандай?Жобаның аяқталғанынан бері көп уақыт өтсе де, Мерьем Узерли БАҚ пен халық арасында қызу талқыланады. 2015 жылдан бері Мерьем өзінің косметика шығаратын компаниясын басқарады.Әлемде соңғы күндері қызу талқыланып жатқан басты оқиғалардың бірі - Канн фестивалі. Бұл шараға көптеген жұлдыздар келді. Солардың бірі - Мерьем Узерли."Индиана Джонс и Колесо судьбы" фильмінің тұсаукесеріне арналған қызыл кілемге түрік актрисасы ресей брендінің көйлегін киіп келді. Актрисаны кей жанкүйерлері танымай қалды: олар оның пластикалық хирургиямен және сұлулық уколдарымен әуестеніп кеткенін айтты. Бірақ "Не деген сұлулық", "Ең үздік түрік актрисасы" деп тамсанғандар да көп болды.