Әнші Айдар Тұрғанбек төрт қызының анасын көпшілікке не үшін көрсетпейтінін айтты. Өнер иесі "Қызықты weekend" бағдарламасында әйелі жайлы баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Сұлу ғой. Көз тиеді. Сұлулығына өзім таңғаламын. Ол кісі көпшілік адам емес. Тойға да бармайды ол кісі. Кеше Шымкентте туысымның туған күні болды. Сол жерге әрең апардым. Ол кісі жақтырмағаннан емес, адам көп жерді ұнатпайды. Суретке, видеоға түскенді ұнатпайды. Балаларды да түсірткізбейді. Бірақ ең бастысы, балаларды қарап, менің жағдайымды жасап отыр. Ең басты нәрсені орындайды ғой. Баланы өмірге әкеледі, соларды тәрбиелейді. Тамағын дайындайды. Не істейді, бәрімен танысып? Қазір көбісінің әйелдері жүр ғой, қалмайды мысалы? Барлығын істейді. Жанымнан табылады, қолдау білдіреді. Тек үйде. Білімді. Қазір тағы оқып жатыр. Жұртпен араласып кету жоқ ол кісіде. Бірақ керемет адам. Үйге қонақ келеді. Әйел адамдар бөлек, ер адамдар бөлек отырады. Құдай берген төрт қызым бар", - деді Айдар Тұрғанбек.