Сұлулық салонына баратындар қауіпті ауру жұқтырып алуы мүмкін

Құлпырамын деп құрбан болған арулар туралы соңғы уақытта жиі еститін болдық. Араларында өңін өзгертемін деп өмірден өтіп кеткендер де бар. Оған сән салондарында санитарлық талаптардың дұрыс сақталмауы себеп дейді мамандар. Қызметкерлер құрал-саймандарын дұрыс тазаламайды, салдарынан келген «клиент» ВИЧ секілді қауіпті ауруларды жұқтырып алуы мүмкін. Әріптесім Аружан Задабек бірнеше сұлулық салонына барды. Не көрді, өзі айтып берсін.Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Елімізде сән салондарының саны жыл өткен сайын артып келеді. Оған дәлел, екі қадам аттасаң, көше бойынан «шаш аламыз, тырнақ жасаймыз» деген жазуларды кезіктіруге болады. Ал мұндай сұлулық салондары санитарлық талапқа сай ма? Көреміз. Алғаш кірген салонда санитарлық норманың сақталмағаны тайға таңба басқандай көрініп тұр. Біраз күннен бері шығарылмаған қоқыс пен бас жуатын орындағы шаш қалдықтары дәлел. - Басты мына жерге жуасыз. Қалай, былай тұрып жуасыз ба? Ыңғайсыз емес па? – Ыңғайсыз енді. Место жоқ қой. Бағасына сай ғой енді. – Бағасы қанша теңге? – Мың теңге. – Сіз үшін мың теңгеге осындай лас жерде жуа беруге болады, демек. Қызық енді басталды. Шаш қалдықтары туралы айтып енді ауыз жиғанымыз сол еді, мына көрініске тап болдық. - Шашты қиған күйінде тұр ғой. Қоқысқа лақтырмаған. Кешеден қалып кеткен ба? - Білмеймін, шын айтайыншы. Хош, келесі сұлулық салонына қарай бет бұрдық. Мұндағы қызметкерлер «өздеріңіз түсіре беріңіздер» деп тіпті кетіп қалды. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Міне, дәл осы жерде біз келген кезде қызметкерлер «клиенттің» шашын алып жатқан еді. Бірақ камераны көре сала қашып кетті. Ал алған шаш жерде аяқасты болып қалды. - Неге қашып кеттіңіздер? Біз тек сіздердің рұқсаттарыңызбен ғана түсіреміз. - Қашып кеткен жоқпыз, просто осында 1-2 шаруамен кеткенмін. Қашсам, келмейтін едім ғой. Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын шаштаразшы қайта келіп, салонның ішін таныстырды. - Басты мына жерге жуады екен. Ішіне шәйдің қалдықтарын тастаған. Жанболат СЕРІКБАЕВ, ШАШТАРАЗШЫ: Қол босаған кезде тазалаймыз. Уақыт тығыз. Ал бұл біз аралаған әсемдік салондарының ішіндегі ең тәуірі. Іші тар дегені болмаса, таза, жарық. Гауһар ЖОЛШЫБЕКОВА, СҰЛУЛЫҚ САЛОНЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Санитарлық норма сақталған. Приборларды тазалайтын заттары бар. Соны қосқанда микроб бәрін өлтіріп отырады. Санитарлық талап сақталмаған орында клиент түрлі ауру жұқтырып алуы мүмкін. Соңы өлімге әкеліп соқтыратын жағдайлар да болады. Мұны бет әрлеушілер де растайды. Айдана ШАУКЕТОВА, ВИЗАЖИСТ: Кез-келген жерге барғанда да, маникюр жасауға барғанда да стерильданған құрал-жабдықтарды анықтап, көз жеткізіп алғанымыз дұрыс. Себебі, биологиялық сұйықтық бөлінеді ғой әр адамнан. Сол міндетті түрде жұғады. Кірпік жалғау кезінде де пинцетті жақсылап тазалап, стерильдап отырмаса көздің конъюнктивит, тағы да неше түрлі аурулары жұғады. Сән салондарын санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қадағалайды. Косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар алты айда бір рет, шаштараз секілді сұлулық орталықтары үш жылда бір рет қана тексерістен өтеді. Марат БАЙТҮГЕЛОВ, ҚР ДСМ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ: Азаматтар тарапынан түскен арызда егер нақты негіздер және дәлелді материалдар болған жағдайда мұндай объектілерге қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі. Жеке тұлға сұлулық салонын ашуы үшін, алдымен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен рұқсат қағаз алуы тиіс. Содан кейін ғана, заңды түрде жұмыс істей алады. Бірақ біз барған орындардың ешқайсысында лицензия жоқ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Еліміздің үздік спортшылары марапатталды
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
Черчесов ағынан жарылды
«Аяз, тұман»: Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Тұман, жел, көктайғақ: 25 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Черчесов кетпейтін болды
Жаңа жылға сыйлық: ерекше смартфон сатылымға шықты
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
БҚО-да алғашқы жайлы мектеп ашылды
Өскемен мен Талдықорғанды жалғаған республикалық трасса ашылды
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Елімізде адағы үш күнде ауа райы қандай болады
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды
25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
“57 млн жымқырған“. Әйелінің туыстарын алдаған астаналық сотталды