Сұраныстың артуы газ тапшылығын туындатуда

Астанада автогаз тапшы. Бұған соңғы екі жылда газ тұтынатын көліктер санының артуы себеп дейді мамандар. Еліміздегі сұйық газдың арзандығы да сұранысты арттырып отырған көрінеді.Газ құю бекеттерінде кезек көп. Тіпті кейбір станцияларда шектеумен сатылуда. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - 5-6 күн болды уже газ іздеп. Жоқ газ. - Газ жоқ дефицит. Жүрміз айналып сандалып. Бір жұма болды ау менің өзім іздеп жүргеніме. - Кептеліс ұзақ болып тұр. Бірақ тек талонмен ғана аласың дейді. Қаланың ай сайынғы сұранысы 8700 тоннаны құрайды. Газбен жүретін көліктердің саны да екі жылда еселеп өскен. Бұрын 340 мың болса, қазір 640 мыңға жеткен. Салдарынан сұйық газға деген сұраныс та шамадан тыс артты дейді мамандар. Нұрлан ЖҰМАҒҰЛОВ, «ENERGY MONITOR» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Атыраудың зауыты мұнай өндеу зауыты ол тек қана Атырау, Атырау облысына және көрші Маңғыстау облысына және де артық қалып жатса Батыс Қазақстан облысына өзінің газын жібереді. Ал, Астана тұрғындары жалпы Астана қаласы СНПС Ақтөбе Мұнай газ компаниясынан және де Павлодар мұнай өндеу зауытынан газды алып отырады. Газ орнатылған көлікпен жүру қауіпті. Жарылыс орын алған жағдайлар аз емес. Көпқабатты тұрғын үй астындағы тұрақтарға тіпті кіруге рұқсат жоқ. Айыппұл салынады. Бірақ ескертуді елемейтіндер бар. Жазда Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрағында көлік өртенді. Жоғарғы қабаттардың тұрғындары өрт сөндіру сатысының көмегімен эвакуацияланды. Осындай жағдай қайталанбас үшін төтеншеліктер үнемі түсіндірме жүргізеді. Ильяс МЕЙРАШ, ЕСІЛ АУДАНЫ БОЙЫНША ТЖБ АҒА ИНЖЕНЕРІ: Ол кісілермен бірінші түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Яғни, әрине ол кісі қандай алмайтын болса әкімшілік құқық бұзушылыққа тартамыз. Қазіргі таңда полиция қызметкерлерімен бірге рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында яғни полиция қызметкерлерінде планшет құрылғысы арқылы яғни кез-келген нөмерді планшетке теру арқылы машинада газ балонның қөұрылғысы орнатылған ба, орнатылмағанын білу арқылы біз айыппұл қандайда бір іс-шара түсіндірме жұмыстарын солай жүргіземіз. Алдағы аптада шектеулерді кезең-кезеңімен алынып, тапшылық жойылмақ. Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше қалаға бар газ 900 тонна, бүгін 576 тонна газ келген. Ертең 15 вагон, яғни 540 тонна сұйытылған газ әкелінеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тоқтар Жаңғылышбай «Қызылжарға» ауысты
Президент республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер енгізді
Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
Доллардың бүгінгі бағамы
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Атырауда алғаш рет “Есірткіге жол жоқ“ жастар форумы өтті
Еліміздегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елордада егіз балаға жүкті әйелге жатырішілік операция жасалды
Қар, көктайғақ және тұман: Қазақстанда ауа райы күрт бұзылуы мүмкін
Астанада ұрлықты кәсіп еткен қылмыстық топ ұсталды
Теміртауда өзен бетіндегі мұз жарылып, суға түсіп кеткен бала мерт болды
Садриддин Ахмедов қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп шықты (ВИДЕО)
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Шымкентте екі қабатты кафе өртенді
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Дубайда өткен жарыста ақтөбелік сәйгүлік Нугул жеңіске жетті
Дзюдодағы «юко» ұпайы қайтарылады