«Сүйемін сені, Алматы!» киноальманахы көрерменге жол тартты

«Сүйемін сені, Алматы!» фильмі қалың көрерменге жол тартты. Кинокартинаның Алматы және Астана қалаларында өткен алдын ала көрсетілімінде ине шаншар жер болмады. Елімізде сирек түсірілетін киноальманах жанрындағы туындының түсірілім процесіне 300- ден астам адам қатысқан. Шығармашылық ұжым фильмнің көптің көңілінен шығып, жоғары бағасын алатынына сенімді.Жалғызбасты ананың тағдыры, сүйгеніне қосылғысы келген бозбала, жетімдер үйінде тәрбиеленген бүлдіршін. Киноальманах осы және өзге де сюжеттік желіні қамтитын бірнеше новелладан тұрады. Туындының жарық көруіне 3 режиссер атсалысты. «Әрқайсысы қалаға деген махаббатын өзінше жеткізуге тырысты»,- дейді режиссер Әлен Ниязбеков. Бұған дейін тек комедиялық фильмдерді түсірген ол бұл кинокартинада драмаға негізделген оқиғаны таспалапты. Ален НИЯЗБЕКОВ, РЕЖИССЕР:Шаһарымызға деген махаббатты, оның сұлулығын, даналығын қысқа новеллаға сыйдыру оңай болмады. Дегенмен, жанрлардың әртүрлілігі жаңа стильді игеріп, жаңа әдістерді қолдануымызға мүмкіндік берді. Мені анам жалғыз тәрбиелеген, ол отбасын асырау үшін барын салды. Айналамызда анам сияқты қаһарман әйелдер өте көп. Олардың қиындыққа толы тағдырын кино арқылы көрсеткім келді. Туындының актерлік құрамы да мықты. Көрермен көзайымына айналған Альмира Тұрсын, Азиз Бейшеналиев, Төлепберген Байсақалов, Айжұлдыз Адайбекова сынды актерлер бар. Темірбек АМАНЖОЛ, ПРОДЮСЕР:Фильмнің барынша жан-жақты болғанын қаладым. Актерлеріміз туындының идеясын естігенде, бірден келісімдерін беріп, қолдау көрсетті. Алматыға деген ортақ махаббат бұл киноны мерейлендіре түсті. Көрерменге ұнайды деп үміттенемін. Бұл отбасымен отырып көретін өте қызықты, жанға жылулық сыйлайтын картина. «Сүйемін сені, Алматы!» киноальманахын қалың көрермен 7-ші наурыздан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында тамашалай алады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Әлемнің ең қарт адамы қайтыс болды
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
“Бұл өнердің шегі жоқ“. Каллиграфия арқылы әлемдік брендтерге ұсыныс алған қазақ қызы
1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша теңгеге өсті?
Жаңақорған ауданында 124 отбасы баспаналы болды
Қысқы Универсиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Әлемнің ең қарт адамы қайтыс болды
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
Нұрқожа Қайпанов: «Шавкат Белал Мұхаммедті сенімді түрде жеңеді»
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Бүгін Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді