«Суық тиген соң іштім»,- ауыл әкімі

Павлодар облысында ауыл әкімі жұмыстан қуылуы мүмкін. Бұл жағдайды облыстық әдеп жөніндегі кеңес мүшелері талқылады.Pavlodarnews жазуынша, Екібастұз қаласына қарасты Әлкей Марғұлан атындағы ауылдың әкімі Бауыржан Бозтаевтың жұмыста мас күйінде болғаны туралы ақпарат ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының сенім телефонына ауыл тұрғынынан түскен. Әдеп жөніндегі уәкіл аталған деректі тексеруге барған. Ауыл тұрғынының сөзін медициналық сараптама растады. Бауыржан Бозтаев өзінің бұл әрекетін әкім болып тікелей дауыс беру арқылы сайланғанын және 2023 жылдың 30 қаңтарынан бері қызметте екенін айтып ақталды. Бұған дейін оның басшылық қызметте және мемлекеттік қызметте тәртіптік жазасы болмаған. «Мен бұл деректі растаймын. 15 наурызда ауылды су басты. Түскі астан кешке дейін соны шығарумен айналыстық. Қатты суық тиген соң ішіп алдым. Бұл ісіме қатты өкінемін. Сіздерге және менің ауылымның тұрғындарына осы орында болуға лайықты екенімді дәлелдеу үшін тағы бір мүмкіндік беруді сұраймын», – деді ауыл әкімі Айта кетейік, тұрғындардан Бауыржан Бозтаевты қорғап, өз әкімдеріне қатысты жұмсақ шешім шығаруды сұраған үндеу түскен. Алайда бұл сөздер әдеп жөніндегі кеңес мүшелерін сендіре алмады. Олар мемлекеттік қызметшінің жұмыс орнында мас күйінде болуын өрескел заңбұзушылық деп санады. Бірауыздан Екібастұз қаласының әкіміне Бауыржан Бозтаевты қызметінен босатуды ұсыну туралы шешім қабылданды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астанадан 1 миллион текше метрден астам қар шығарылды
Алматыда Қазақстан-Германия глаукома орталығы ашылды
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Қыста жақсы ұйықтау үшін мына 3 ережені сақтаңыз
Бүгін тек бір қалада ауа сапасы нашарлайды
99 жастағы Малайзияның бұрынғы премьер-министрі жас көрінуінің құпиясын ашты
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
Қарағандыда өрт шыққан ғимарат жарылып кете жаздады
Биыл қазақстандықтар МӘМС есебінен 1 млннан астам қымбат зерттеулерден өтті
Соғым FEST: Астанада өткен жәрмеңкеде фермерлер 100 тоннадан аса ет ұсынды
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
“Сахнаға шығартпады“. Сырым Исабаевтың Қайрат Нұртаспен сыйыспай қалғаны рас па?
Фастфуд емес: ағзаның қартаюын тездететін тағамдар аталды
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
Абай облысында екі ауылдың 28 отбасы қоныс тойын тойлады
Көктайғақтан Қарағанды-Астана бағытында 700-тен астам көлік жолда тұрып қалды
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
Ішімдікке сылқия тойып алған жас жігіт көлік ұрлап, жол апатын жасады
Теміртау маңында 700-ден астам көлік жолда қалып қойды
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Қатты желден жүк көлігінің тіркемесі аударылып кетті
Астанадан 1 миллион текше метрден астам қар шығарылды
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?