Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің көшпелі отырысы Түркістанда өтті

Елімізде жасалған сыбайлас жемқорлық санатына жататын қылмыстардың ең көбі –парақорлық және оған делдалдық ету. Бұл Түркістанда өткен «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің көшпелі отырысында айтылды. Былтыр сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 116 қылмысты тіркеген. Бұл алдыңғы жылдан едәуір көп. Соның 89-ы ымыраласа жасалған іс-әрекеттер санатына жатады. Мемлекетке 331,7 млн теңге залал келтірілген. Бармақ басты, көз қысты әрекеттер жергілікті атқарушы органдарда мейлінше қылаң берген. Атқарылған іс пен біткен жұмыс жөніндегі құжаттарда былық көп көрінеді. Жиын қорытындысымен жергілікті атқарушы органдардың бірқатар басшыларына партиялық тәртіптік шара көру ұйғарылды. Ерлан САИРОВ,  ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ:Проблема өте көп. Енді осы проблемалардың барлығын біз мемлекет, азамат, қоғам болып бірге шешудің институтын қалыптасыру керек. Енді бұл жиналысқа құқық қорғау органдары, прокуратура саласы органдарының басшыларының барлығы қатысты. Енді айтылған кейбір мәселелер бойынша ол кісілер өздерінің процессуалдық шешімдерін қабылдайтын болады. Республикалық кеңес өкілдері Түркістандағы Ә.Нұрмаханов атындағы олимпиадалық резервтік мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің құрылысымен де танысты. Маңызды нысан 2022 жылдың соңында пайдалануға берілуі тиіс болатын. Алайда, облыстық бюджеттің мүмкіндігінің жетпеуіне байланысты, қажетті қаржы толықтай бөлінбей қалған. Қазір құрылыс материалдары нарығындағы ахуал ескеріле отырып, құрылыс сметасына түзетулер енгізілген.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Барыс» тағы да жеңіліп қалды
СҚО-да көп балалы аналарды құрмет көрсетілді
Қайызғақтың кесірінен шашсыз қалуыңыз мүмкін бе?
Елордада JOLTAP жобасының қорытындысы шығарылды
Елге көлік кіргізу ережесін қатаңдатудың салдары қандай болмақ?
Шымкентте жаңа жыл түні 2 мың полицей қауіпсіздікті қамтамасыз етеді
Ұшақ апатынан қайтыс болған жолаушылардың туыстарына қолдау көрсетілуде
Олимпиада чемпионы Давид Дегтяревке әкімдік ақшалай сыйақы табыстады
Қайызғақтың кесірінен шашсыз қалуыңыз мүмкін бе?
ТЖМ құтқарушылары 47 адамның өмірін сақтап қалды
Абай облысында пәтер тонаушы ықпалды ұрылар тобы ұсталды
СҚО-да көп балалы аналарды құрмет көрсетілді
Адам қанша мандарин жесе өліп кетуі мүмкін?
Жаңа жылыңмен деп құттықтаудың өзі күнә, шариғатта рұқсат жоқ – блогер (ВИДЕО)
Таразда балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын қолдау орталығы ашылды
Қаза тапқан Әзірбайжан азаматтарының денелері Отанына жөнелтілді
29 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Абай облысында «қылмыстық гастрольдік квартет» атанған пәтер тонаушылар тобы ұсталды
Оқушылар қысқы каникулда қанша күн демалады?
Қарағанды облысында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
Ақтаудағы әуе апатынан қаза тапқан Әзербайжан азаматтарының денелері еліне жіберілді
Жаңа жыл қарсаңындағы билет тапшылығы шешіле ме?
ТЖМ құтқарушылары 40 адамды эвакуациялады
Алматыда Аяз Атаның киіз үйлері ашылды