Сырдария өзенінің қала және оның маңынан өтетін 8,9 шақырым сағасы тазартылды.«2020 жылдан бастап Сырдария өзенін тазарту және түбін тереңдету жобасы қолға алынды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат.Өзеннің қаладан және оның маңынан өтетін 8,9 шақырым сағасы тазартылды. Тазарту және тереңдету жұмысына тапсырыс беруші жергілікті әкімдік. Аталған жобаны жүзеге асыруға жауапты мердігер компания «Павлодар өзен порты» акционерлік қоғамы. Аталған жұмыстар биыл аяқталуы тиіс,- деді ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Рустамбек Амрин ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.