Сырдарияның суы Қызылорда іргесіндегі Талсуат ауылының тұрғындарын азанымен дүрліктірді

Сырдарияның суы Қызылорда іргесіндегі Талсуат елдімекенінің тұрғындарын азанымен дүрліктірді. Сең жүрген уақытта арнасына сыймаған су бірнеше жылдан бері табаны құрғап кеткен ауыл ішіндегі каналға құйылған. Ал ол тасып, бір үйдің ауласын басты. Абырой болғанда, дер кезінде қызыл су бөгелген. Бірақ халық әлі де үрей құшағында отыр.Бұл каналға соңғы рет қашан су келгені тұрғындардың есінде жоқ. Іші топырақпен көміліп, арнасы тарылып қалған. Сондықтан болар бас-аяғы бір жарым сағаттың ішінде суға лық толды дейді тұрғындар. Тіпті ернеуінен асып, іргесіндегі үйдің ауласына жайылған. Талсуат елдімекені Сырдарияның іргесінде орналасқан. Сондықтан сең жүрген тұста бұл аумаққа төнер қауіп жоғары. Қазір ауыл халқы төтеншеліктермен бірге білек сыбанып, өзен бойындағы бөгеттерді мықтап жатыр. Әзірге суды жайылымға жырып, тұрғын үйлерді сақтап қалудың амалын жасауда. Айжігіт ЕРНИЯЗОВ, ТАЛСУАТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНЫ: Елдімекен дариядан төмен тұр. Ана жақта саяжайлық жерлер бар. Саяжай мүлде төмен. Сондықтан алаң болады ғой халық. Қазір облыс аумағына секудына 700 текше метрден аса су келіп жатыр. Бұл былтырғымен салыстырғанда әлдеқайда көп. Сондықтан қауіпті саналатын 29 аумақты мамандар кірпік қақпай бақылап отырмыз дейді. Нұрсұлтан ИБРАГИМОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қауіпті аумақтың барлығына түсіндірме жұмыстары, үн парақтары таратылды. Сонымен қатар фазендаларда орналасқан жерлер бар. Фазендада малдарды қауіпсіз аймаққа шығарып қою сол бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Барлық көл мен шабындықтың 70-80 проценті суға толған. Мамандар жағдайды әуеден де бақылап отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
2024 Қазақстан шахматшылары үшін ең табысты жыл болды.
Жоғары оқу орындарының үздік оқытушылары белгілі болды
«Еңбек демалысына кеткен»: Ұшақ апатынан қаза тапқан мұнайшылар белгілі болды
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: қайтыс болған 10 адамның жеке басы анықталды
Күрес түрлері федерациясы жыл үздіктерді марапаттады
Баку — Грозный рейсіне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды