Белгиядан анасын іздеп келген Жәнібек әлеуметтік желіге жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.Ол қазақстандықтарға елді таныстырғаны үшін алғыс білдірді. "Құрметті әкелер, аналар, бауырлар, әпкелер! Соңғы жаңалықтарды айтқым-ақ келеді, бірақ қазіргі уақытта істеп жатқан ісімнің көпшілігі сіздерге тосынсый болса деймін. Мені қарсы алып, қолдап, құрмет көрсетіп, маған өз елімді танытқандарыңыз үшін, таныстырғандарыңыз үшін алғыс айтамын. Бұл Самуиде кездестірген адаммен бірге түскен сурет. Ол кісі Перуде тұрады, мен сіздерге әлі біраз елді көрсетсем деймін!", - дейді Жәнібек.