«Табанына жара шығып, сүйегі шіріп жатыр»: ауыр дертке шалдыққан 14 жастағы Настяның еміне қаржы керек

Орал қаласының тұрғыны, 14 жастағы Анастасия Бузгон ауыр дертке шалдыққан. Табанына 8 жыл бұрын жара шығып, енді сүйегі шіріп жатыр. Жастайынан тағдыр тауқыметін тартқан жасөспірімді бұл ауыр азаптан операция ғана құтқара алады. Алайда қызын бір өзі тәрбиелеп отырған жалғызбасты анасының бұған ақшасы жоқ. Толығырақ тілшіміздің материалында.Анастасия Бузгонның арқасындағы ісік бала кезінен бар. Сол кезден бері ауыр дертпен алысып келеді. Осының кесірінен жас ағзаға зиян келді: қыздың ішкі құрылысы әлсіреп, тіпті аяғын баса алмай қалған. Ал дәрігерлер шұғыл түрде операция жасау керек дейді. Әйтпесе Настяның мәңгі-бақи төсекке таңылуы мүмкін. Любовь КИРКИНА, АНАСТАСИЯНЫҢ АНАСЫ: Настяның омыртқасына шұғыл операция жасатып, жұлынына түскен салмақты жеңілдету қажет. Егер мұны жасамасақ, көп ұзамай, тіпті бір жылдан кейін қызымның сал болып қалуы мүмкін. Қажет ақшаны бір жарым жыл бойы жинап келеміз. Әлі 2 миллион 120 мың теңге жетпейді. Қазір Настя сабақты қашықтан оқиды. Қалған уақытын ауруханада өткізеді. Денсаулығының әлсірегені соншалық, табанына 8 жыл бұрын шыққан жара асқынып, сүйегі шіри бастапты. Осыдан кейін аяғына Қорған қаласында операция жасалған. Бірақ әлі емделу керек. Анастасия БУЗГОН: Белім ауырмаса екен деп күнде армандаймын. Бұл арманым орындалса мектепке барып, кейін колледжге оқуға түскім келеді. Өзге уайымсыз адамдар секілді денім сау боп өмір сүргенді қалаймын. Настяны әкесі кішкене кезінде тастап кеткен. Балаларын жалғыз өсіріп, жеткізген әйел ол қиындыққа мойымаса да, қызының еміне қаржы таппай қиналып отыр. 2 жыл бойы түрлі емдеу мекемелерінің табалдырығын тоздырған. Бәрі көмек көрсетуден бас тартыпты. Ал жергілікті дәрігерлер операция ауруды асқындыруы мүмкін деп алаңдап, ешқандай кепілдік бермей отыр. Сандуғаш САПАРОВА, БҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Анастасия туабітті орталық жүйке жүйесінің дертіне шалдығып, жұлыны зақымдалған. Бұл - өте ауыр дерт. Кейін омыртқасы үгітіліп, жұлыны сыртқа шығуы мүмкін. Мұның аяқтың қызметіне тигізер кесірі орасан. Дегенмен Израильдегі дәрігерлер Настяға қол ұшын созуға келісім беріпті. Енді олар операцияға қажет қаржыны тезірек тауып, тамыз айында аттануы тиіс. Бұдан кешіксе жағдайы қиындауы мүмкін. Баланың бала арманын орындағысы келген ізгі жандардың экранда көрсетілген нөмірге хабарласып, көмектесуіне болады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бүгін 13 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Қайтарылған актив: Ұлытауда 1,2 млрд теңгеден астам қаржыға мектеп салынады
Қайтарылған активтердің 1,2 млрд теңгесі қайда жұмсалады?
Наурызбай ауданы қалай өзгеруде: аулаларды абаттандырудан бастап замануи жаяу жүргіншілер аймақтарына дейін
Өмірдің мәні неде?
Енді су үнемдейтін технологияларды пайдаланатын дихандар суармалы суға аз төлейді
Пластиктен сабын жасауға болады
Асату...
Теңгеден күш кетті...
Масктың байлығы 400 миллиард доллардан асты!
Алматыда «Экологиядағы инклюзия – Жаңа жылдық ғажайып» акциясы жалғасуда
Электрондық еңбек биржасында белсенділік төмендеген
Алматыда 12 желтоқсанда Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінде қозғалыс шектеледі
Қуысқа қыстырылып қалған тиін...
Астаналық әйел Жұлдыз Әбдікәрімованы сотқа берді
Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі 
Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
Алматы әкімдігінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау алдын ала қорытындыланды
Ұлттық банк алаяқтар туралы айтты
"Дарын" жастар сыйлығы жеңімпаздарының тізімі жарияланды
13 өңірге дауылды ескерту жарияланды
726 мың теңгеден басталады: еңбек биржасында жалақысы жоғары мамандықтар аталды
Ең жоғары жалақысы бар жұмыстар белгілі болды
Шерзат Болаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды