Көпшіліктің ойынша, туристер үзілмейтін аумақ бұрын-соңды бұлай сұрықсыз кейіпке енбеген. Су әр жылы демалыс базаларына таяу үйлерге шейін жетіп отырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Жергілікті жұрт маңайын қалың тоғай қоршаған демалыс базасына келушілер саны азаюы мүмкін деп топшылап отыр. Себебі, өзеннің қазіргі көрінісі көптің ойын сан-саққа әкетеді."Мұның барлығы көпір (еліміздегі ең ұзын көпір болады деп жоспарланған) құрылысымен байланысты. Су асты жұмыстарын азайту арқылы бюджетті үнемдеуді көздеген шығар. Демалыс үйлерінің қожайындары осыны пайдаланып, маңайға тазалық жұмыстарын жүргізулеріне болады", – деді Сергей Астанин есімді тұрғын.Ресми мәліметке сүйенсек, Бұқтырма өзенінің тартылуы "Борок УМЗ" демалыс базасының маңында кәдімгідей байқалады. Қыс қарлы болса да, облыстағы су қоймаларының бірнешеуі кеуіп тұр. Жауапты тұлғалар бұл жөнінде ресми ақпарат ұсынбады.Әйтсе де қоғам белсендісі Людмила Елизарова мұны "табиғат кек алып жатыр" деп бір-ақ ауыз сөзбен қорытындылады.Тұрғындар сөзінше, өзен біршама тартылды деген 2012 жылдың өзінде бұлай болмаған."Әдетте, мамыр айының соңына таман су үйлердің іргетасын алып тұратын. Егер жоталардың етегіндегі қою сұр түсті сызыққа мән берсек, неше метр төмендеп кеткенін көруге болады. Тағы бір дүние, Бұқтырмаға апарар жолдың тозығы жеткен. Екі-үш жыл бұрын жөнделген Серебрянск қаласы маңындағы жолдан да шашау шыға бастады", – дейді жұртшылық.