"Табиғатты ұтымды пайдалану перспективалары және зияткерлік ауыл шаруашылығы мәселелері" атты ғылыми конференция өтті

Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Табиғатты ұтымды пайдалану перспективалары және зияткерлік ауыл шаруашылығы мәселелері» атты ғылыми конференция өтті. Шара ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, білім беру ісінің құрметті қызметкері Нәзия Сүлейменованың 80 жас мерейтойы аясында ұйымдастырылған. Халықаралық деңгейдегі көрнекті ғалым - 3 монография, 38 оқу құралы, 360-тан астам мақала мен ғылыми әдістемелік еңбектің авторы. Оның жетекшілігімен 5 ауылшаруашылығы ғылымы кандидаты, 20 магистрант, 10 PһD докторы дайындалды. Нәзия СҮЛЕЙМЕНОВА, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ҚР БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Бала кезімнен өзімнің армандаған осы ауыл шаруашылығына біраз еңбегім сіңсе екен деп бала кезімнен өзімді-өзім дайындап келіп, осы аграрлық баяғы селхоз университетті таңдап, келіп қадам аттаған едім, осы қара шаңыраққа. Мінеки, бүгінгі таңда осы қара шаңырақтың төрінен орын алып 80 жасқа толып, міне, елім-жұртымның алдында сол тойды тойлап тұрғаныма шүкіршілік. Алыс-жақын шет елден келген қонақтар профессорды құттықтап, оның адамгершілігін құрметтейтінін айтты. Конференция 4 секцияға бөлінген, онда 100-ге тарта баяндама оқылды. Сондай-ақ елдегі жалпы су тапшылығын азайту, табиғи ресурстарды үнемдейтін жаңа технологияларды өндіріске енгізу сынды тақырыптар қамтылды. Таңжарбай АЛЛАБЕРГЕНОВ, ҚАРАҚАЛПАҚСТАН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ МАМАНЫ: Бұл адам өзін академикпін, профессормын деп өзін үлкен тұтпайды. Келің балам деп қуанып қалады. Бірнәрсе сұрасақ кітаптарын мынадан пайдаланың деп, одан пайдаланың деп.. адамгершілік хақында мен қатты құрмет қыламын. Ондай көп адамның қолынан келе бермейді.Қарапайым, жүдә қарапайым. Тастанбек АТАҚҰЛОВ, ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ: Халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде үлкен жұмыстар жасалып жатыр.Бидайдың егісін аздап 1 млн гектарға қысқартып, оның орнына майлы дақылдар егу деген проблемалар көтеріліп жатыр. Өйткені бңзде бидай жеткілікті.Осы бағыттарға арналған көп докладтар, баяндамалар болады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Үкіметтегілер жұмыссыз қалуы мүмкін — Премьер-министр
2024 жылы ел экономикасында қандай өзгерістер болды?
Роза Рымбаеваның видеосы көпшілікті елжіретті
«Әлеуметтік әмиян» жобасы ыстық тамақ үшін құжат жинауды жеңілдетті
«Ауыл» партиясында кадрлық өзгерістер болды
Есірткіге қатысты жазалар өзгереді
Елімізде жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламалары мен курстары әзірленеді
Доллар 7 теңгеге арзандады
Қазіргі таңда еліміздің Қытай университтерімен жасаған 241 келісімі бар
Түркия командасында ойнайтын Абат Айымбетов үшінші ойын қатарынан мергендігімен көзге түсті
Қорғаныс министрі тағы бір қызметке тағайындалды
Танкист, парашютис, дзюдоист...
Алматылық балалар Президенттік шыршада жаңа жылдық сиқыр әлеміне енді
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан Президентін туған күнімен құттықтады
Конькимен жүгіруден Азия ойындарына қатысатын спортшылар анықталды
Ел өңірлерінде көлік сақтандыру полисі қымбаттайды
Алматы қалалық ландшафтты жаңартуда: қылқан жапырақты биік ағаштар отырғызылды
108 педагог «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының жүлдегері атанды
Мемлекет басшысы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады
Алматылық сарапшы Жаңа жыл қарсаңында тамақтан уланудан қалай сақтануға болатынын айтты
Су саласының 105 маманы Қытайда біліктілік арттыру курстарынан өтеді
2024 жылы шаңырақ көтерген шоу-бизнес жұлдыздары
Биыл 18 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Черчесовтің қызметінен кететіні рас па?