Табысы жоқ жастарға несие беруге шектеу енгізілмек

Қазақстанда табыс көзін көрсететін құжатсыз жастарға несие беруге тыйым салынбақ. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев айтты.«Несие беру кезінде банк қарызды кімдер алып жатқанына қарауы керек. Онда тиісті тармақ ескерілген. 21-ге толмаған адам онлайн-кередит алу кезінде оны қай табыс көзі арқылы өтейтінін көрсетуі керек. Қазір ақшасы мен жалақысы болмаса да, бірнеше несие алып жатқан студенттер көп. Әрине, табыс көзі болмаса, несиені өтей алмайтыны түсінікті жағдай», - деді Б. Бейсенғалиев агенттік тілшісінің сұрақтарына жауап бере отырып. Депутаттың айтуынша, студенттер бір несие алып, екіншісін жабуға пайдаланады. «Бір несие алып, онымен екіншісін жауып тастайды. Осылай қарыздары жинақтала береді. Бұған жол бермеу үшін тиісті шектеу қарастырылған. Кірісті растайтын құжатсыз 21 жасқа толмаған адамға несие беруге тыйым салынады», — деп түсіндірді Берік Бейсенғалиев. Бүгін хабарланғанымыздай, Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы енгізілді. Бұл құжатта несиелер бойынша мерзімі өткен берешегі болған жағдайда азаматтарға жаңа тұтынушылық несиелер беруге тыйым салу, 90 күн кешіктірілгеннен кейін барлық несие бойынша пайыздарды есептеуге тыйым салу, сондай-ақ банктер мен микроқаржы ұйымдарының коллекторлық агенттіктеріне азаматтардың несиелерін сатуына шектеу енгізу және тағы да басқа нормалар қарастырылған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қарағандыда жабылған жол учаскелерінде жүздеген көлік кептелісте тұрып қалды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
Түркістандық телеарна түркиямен бірлескен тележоба дайындамақ
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Енесі мен күйеуінен қорлық көрген танымал блогер 8-қабаттан секіріп көз жұмды
Екі облыста жол жабылды
Төтеншеліктер балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті