Қазақ эстрадасының жарқын өкілі, талай хит әндердің орындаушысы Серік Ибрагимов шоу-бизнестегі табысын ашық жариялап, ақшаға қатысты ойын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Әнші күздің соңғы айларында концерт беруді жоспарлап жүргенін айтып, тыңдарманды әуезді кешке шақырды. “Жасыратыны жоқ, табысымның бәрін әйелім Айнамкөз ұстайды. Сол кісі ақшаға жауап беретін. Қажет кезде сұрап аламын. Сөздің шыны керек, әйелімнің табысы менікінен көп. Бүгін жолақың деп 500 мың теңге берді. Соған қанағат етемін”, – дейді әзіл-шыны аралас. “Ақша – қолдың кірі”, “Көп ақша адамды бұзады” деген пікірмен келісемін. Дүниенің соңынан қуған адам емеспін. Ақшаң болса көңілің тыныш, уайым жоқ. 1000 теңге тапсаң да берекесімен келгені дұрыс”, – дейді әншінің өзі. “Алда үлкен шығармашылық концертім өткелі отыр. Ол да үлкен қаражатты талап ететін жоба. Жаңа әндер мен музыкалар жазылды. Олардың бәрі үлкен қаржыға келіп тіреледі”, – деп шынын айтты. Айта кетейік, әншінің жоспарланған концерті Қарағанды өңіріндегі апатқа байланысты жарияланған қаралы күнмен тұспа-тұс келіп, кейінге шегерілген болатын.