Таиландта комада жатқан қазақстандық турист қалыңдығын құтқарамын деп суға батқан

Таиландта теңізге түсіп, зардап шеккен қазақстандық қалыңдығын құтқарамын деп суға батқан, деп хабарлайды Aстана телеарнасы Zakon.kz-ке сілтеме жасап. Артурдың әпкесі оқиғаның қалай болғанын жазды. Оның үндеуі Facebook-те пайда болды. «Қазір бізге Таиландтағы дәрігерлермен сөйлесетін реаниматолог дәрігерлер қажет, өйткені олардың жеке емдеу хаттамалары бар. Шұғыл репост жасауларыңызды өтінемін! Менің інім Ысқақов Артур Таиландқа қалыңдығымен бірге демалысқа ұшып кетті. Олар суға түскен кезде теңізде күшті толқын басталған, оның қызы суға бата бастаған, әрине, інім оны құтқармақшы болған, ол оны құтқарған, бірақ өзін толқын тартып алған», - деп жазды зардап шеккен қазақстандықтың әпкесі Алина. Қазір Артурдың туыстары мен жақындары оны Қазақстанға жеткізуге тырысып жатыр. «Біз Артурды Қазақстанға жеткізуді сұраймыз, өйткені Таиландтағы ауруханаға шетелдікті қарау тиімді емес және олар мұны барлық жағынан түсіндірді. Жергілікті БАҚ Артурдың мерт болғаны туралы ақпарат таратып үлгерді, алайда бұл олай емес! Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен Артурды медициналық авиация арқылы еліне тезірек жеткізуге көмектесуін сұраймыз!» - деп жазды әпкесі Алина. Еске салайық, бұған дейін Таиландта теңізге түскен қазақстандық көп су жұтып қойғанын хабарлаған едік. Сыртқы істер министрлігінің хабарына қарағанда, Қазақстан азаматының жағдайы ауыр, қазір комада жатыр. Ол жергілікті биліктің ескертуіне және тыйым салуына қарамастан, теңізге түсіп, көп су жұтып қойған. Кейінгі күндері Пхукетте қатты толқындар көтеріліп, жағалауға қызыл жалаулар шығарылған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан спортшылары иеленген жолдамалар саны елуге жуықтады
2030 жылға қарай сұранысқа ие болатын ТОП-25 мамандық
Солтүстік Қазақстан облысында тас жолда полицей көз жұмды
Су тасқыны. 3,5 мыңға жуық құлсарылық қоғамдық штабқа жүгінген
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына 27 мың жамбылдық қатысты
Су тасқынына қарсы күрес: Кәсіпкер Мухамед Ізбастин 450 млн теңге бөлді
Бишімбаев ісі: прокуратура Байжановқа қатысты қандай мәлімдеме жасады?
СҚО-да апалы-інілі бір үйдің екі бірдей баласы өз-өзіне қол салды
Қазақстанда былтыр 100-ге жуық толықметражды фильм түсірілді
Бишімбаев ісі: Прокурорлар Бақытжан Байжановқа тағылған айыпты өзгертпек
Ақтөбелік дәрігер алаяқтарға 46 миллион теңге аударған
Алматыда күзетші мәйітханадағы мүрделерге азғындық жасаған
СҚО-да бір үйдің екі баласы суицид жасады
Алматыда мәйітхана күзетшісі өлген адамдарды зорлаған
Негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды
Мемлекетке 40 млрд теңге қайтарылды: бір бөлігі су тасқынын жоюға жұмсалады
Тасқыннан кейін 13 мыңнан аса отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды
Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысының жалғасы басталды: тікелей эфир
"18+ суреттер шыққан". Алматыда мәйітхана қызметкеріне қатысты жантүршігерлік қылмыс әшкере болды
Алматы облысы құрылыс басқармасының басшысы тағайындалды
«Ы» әрпіне арналған ескерткіш ашылды
Алматыда полиция қызметкерлері 22 базарды тексерді
Бейжің қаласына әуе рейстері артады
Қырғыз-қазақ әдебиетін байланыстырған "Манас"