Таиландта құлдықта болған қазақстандық екі қыз құтқарылды

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.Оның сөзінше, бүгінде Таиландта 100-ге жуық отандасымыз құлдықта жүр. Соңғы 2 жылда Таиландпен шекарада орналасқан Мьянма, Лоаста 200-ге жуық Қазақстан азаматы еңбек құлдығына түскен. Елшіліктің жәрдемімен Мьянма мен Лоас аумағында 28 қазақстандық шығарылды. Сондай-ақ 60-қа жуық Қазақстан азаматы елшілікке жүгінбей, өз күшімен елге оралды. Қазір жоғарыда аталған елдің аумағында 100-ге жуық қазақстандық еңбек құлдығында отыр деген ақпарат бар, - деді Смадияров. Ол Таиландағы консулдыққа көмек сұраған азаматтардан хабарлама келгенін айтты. Қаңтардың соңында Таиландағы консулдыққа “мен Қазақстан азаматымын, жунглидемін, қай мемлекет екенін білмеймін. Құлдыққа түсіп қалдым, көмектесіңіздер” деген хабарлама келді. Сөйтсек, біздің екі азаматымыз алданып, “алтын үшбұрышқа” түсіп қалған. Бір қызығы – екеуінің де жоғары білімі бар, бірнеше тіл біледі. Интернеттен хабарламаны көріп, алданып, Таиландқа жұмысқа барған. Адам басына 10 мың доллардан ақша сұраған. Оларда да, туыстарында да ақша болмаған, - деді СІМ ресми өкілі брифингте. Оның айтуынша, жергілікті билікпен бірлесіп, бір ай дегенде екі азамат құтқарылған. Қазір олар Қазақстанға ұшып келе жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қыста неліктен қайызғақ пайда болады? Дәрігер жауап берді
Оралда аумақтық қорғаныс бригадасының жаңа нысандары пайдалануға берілді
БҚО-да көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Медғат Өмірәлиев, актер, Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі: Режиссерді сырттан шақыруға мәжбүрміз
Әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт өсті
Импорт алмастыру да инфляцияға тосқауыл
Қыста неліктен қайызғақ пайда болады? Дәрігер жауап берді
Ақтөбеде Амангелді Айталы тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды
Төрт қалада ауа ластанады
Демографияны көтеретін – жастар
“Болашақ“стипендиясына құжат қабылдау қашан басталады?
Тұңғыш инженердің үйі
Мұнар да мұнар, мұнар күн...
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңгені жымқырған
Ел құрамасы қылышпен семсерлесуден Тунистегі гран-при кезеңіне қатысады
«Қатты қысылдым»: Қазақ жігіті Италияда тырнақ әрлеп, табыс тауып жүр (ВИДЕО)
Сапалы спорт мамандары тапшы
Банктерден ескерту: 13 қаңтардан бастап жаңа стандарт іске қосылады
Тасқын алдындағы Атырау
Павлодардағы кітап көрмесі
Абай облысында түн ішінде монша өртенді
Қостанайда жас әйел екі күн бойы боранда адасып жүрген
Фристайлдан әлем кубогы өтеді
Түркістан облысында 110 жастағы қарияға төлқұжат берілді