Таиландта пиротехника сақталатын қоймада қуатты жарылыс болып, 9 адам көз жұмды, оның ішінде үш бала бар. Жергілікті 115 тұрғын ауыр жарақаттар алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.Оқиға Малайзиямен шекараға жақын орналасқан Сунгайколок қаласында болды. Жергілікті билік болжамынша, өрт дәнекерлеу жұмыстары кезіндегі қателіктен болған. Фейерверктер қоймасының ғимараты түгел жанып кеткен. Жарылыстың қуатты болғаны соншалық, ол Наратхиват провинциясында орналасқан шағын қаланың айтарлықтай бөлігін қиратты. Дүмпу толқынынан көптеген үйдің терезесі мен шатыры бүлінді.