Қазақстан азаматы Таиландта адам өлтірмек болғаны үшін ұсталды деген ақпаратқа қатысты ҚР сыртқы істер министрлігі ресми мәлімет күтіп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Кейбір БАҚ беттерінде Таиландта қазақстандық азаматтың ұсталғаны хабарланды. Мәліметке сәйкес, ол Пхукет аралында тапсырыспен Ресей азаматын өлтіруге оқталған. Сыртқы істер министрлігі әлі нақты ақпарат жоқ екенін мәлімдеді. "Таиланд тарапынан әлі ресми ақпарат жоқ. Күтіп отырмыз", – деді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.