Таиландта туристер Зика вирусын жұқтырды

Таиландта демалған мажарлық екі туристі тропикалық маса шағып, Зика вирусын жұқтырған. Бұл туралы Будапешт ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.Ведомство мәліметінше, қуанышқа орай, Таиландтан келген туристерден тек жеңіл белгілері анықталған. "Зикаға қарсы вакцина немесе ем болмағандықтан, тропикалық және субтропикалық аймақтарға сапарлау кезінде вирусты тарататын масалардың шағуынан қорғану өте маңызды", - деді Мажарстанның қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері. Туристерге әрдайым өздерімен бірге жәндіктерге қарсы құралдарды алып жүруге, москит торларын қолдануға, сондай-ақ аяқтарын толығымен жабатын ұзын жеңді футболкалар мен шалбар киюге кеңес берілді. Медициналық мәліметтерге сәйкес, Зика вирусын жұқтырған кезде оның белгілері бірден байқалмайды және тек кейбір жұқтырғандар 3-14 күндік инкубациялық кезеңнен кейін жеңіл белгілерді көрсетеді. Бұл қызба немесе дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, бас ауруы, бөртпе, буын ауруы, конъюнктивит болуы мүмкін. "Жүкті әйелдер жұқтырған кезде ұрықта туа біткен жүйке дамуының ауытқуы пайда болуы мүмкін, сондықтан болашақ аналар тропикалық елдерге барған кезде денсаулығын мұқият қадағалап отыруы керек", - дейді мамандар. Зика вирусы - Африканың, Американың, Азияның және Тынық мұхитының тропикалық және субтропикалық аймақтарында кездесетін қоздырғыш, ол негізінен масалардың шағуы арқылы таралады, бірақ инфекция жыныстық жолмен немесе жүкті анадан ұрыққа да берілуі мүмкін.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Kaspi.kz 48 елде Alipay+ арқылы QR-кодпен төлем жасауды іске қосты
Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты
Астанада 2,6 мыңнан астам жол жұмысшы қар күреуге шықты
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: қайтыс болған 10 адамның жеке басы анықталды
Күрес түрлері федерациясы жыл үздіктерді марапаттады
Баку — Грозный рейсіне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды