Таиландтағы пиротехника бұйымдарын шығаратын зауытта жарылыс болып, 20 адам қаза тапты. Ғимарат толығымен қираған. Зардап шеккендердің нақты саны анықталып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.17 қаңтарда CBS News Таиландтың орталығындағы отшашу фабрикасында жарылыс болғанын хабарлады. Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік агенттігінің мәліметінше, кемінде 20 адам қаза тапқан. Жарылыс болған зауыт Бангкоктың солтүстік-батысындағы Суфан Бури провинциясында орналасқан. Жарылыстың себебі анықталып жатыр. Облыстық полицияның мәліметінше, оқиға кезінде зауытта шамамен 20-30 жұмысшы болған. Бастапқыда 15-17 адам қайтыс болғаны хабарланды.