Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі Қазақстанға келуді жоспарлаған өз азаматтарына ескерту жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Тәжікстанның СІМ хабарлағандай, Қазақстанның халықаралық әуежайларында енгізілген қауіпсіздік шараларының күшеюіне байланысты тәжікстандықтар кетер алдында өздерімен бірге барлық құжаттарды алып жүрулері қажет. "Қазақстанға келгеннен кейін шекаралық және кедендік бақылаудан өту кезінде тексерулер жүргізген жағдайда Тәжікстан азаматтары сапардың мақсаты мен мерзіміне, тұрғылықты жеріне, Қазақстанда таныстарының немесе туыстарының болуына байланысты сұрақтарға жауап беруге, қажет болған жағдайда олардың тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондарын ұсына отырып, дайын болуы қажет", - деп мәлімдеді министрлік.Қиындықтар туындаған жағдайда Тәжікстан азаматтары Қазақстандағы Тәжікстан елшілігіне мына номер бойынша жүгіне алады +7 776 176 00 43. Алматыдағы Бас консулдық нөмірі +7 777 588 31 15.