Тәжікстанда ұлы анасын 136 мәрте пышақтап өлтірді

Тәжікстанның Конибодом қаласында анасын айуандықпен өлтірді деген айыппен 32 жастағы азамат қамауға алынды. Ол анасына 136 рет пышақ сұққан. Бұл туралы Тәжікстанның Ішкі істер министрлігінің Соғды облысы бойынша баспасөз хатшысы Акбар Шарифи Asia-plus агенттігіне мәлімдеген, деп хабарлайды Kazinform.24 қарашада қамауға алынған Шахриёр Норматов пен оның 65 жастағы анасы Халимаджон Норматова арасында жанжал болғаны айтылады. Ана мен бала арасындағы кикілжіңнің себептері белгісіз. Тергеу кезінде анасының қалай қайтыс болғанын Шахриёр Норматовтың өзі айтып берді. «Ол пышақ ала жүгіріп, мені ұрмақ болды. Бірақ мен одан пышақты тартып алып, бетінен бір рет ұрдым. Сосын ішіне, қолына, мойнына, басына пышақ сұғып алдым. Ол құлап өлді…» дейді ол. Тергеу барысында анықталғандай, Норматов әйелге 136 рет пышақ сұғып, қылмыстың ізін жасыру үшін әйелдің қанды киімін ауыстырып, бөлмесіне апарып, төсекке жатқызып, еденнің қанын жуып, кісі өлтіру үшін қолданылған пышақты тазалап, ізін суытқан. «Келесі күні ғана Норматов туыстарына анасының күтпеген жерден қайтыс болғанын хабарлады, бірақ әйелдің туыстарының бірі оның мойнындағы жараларды байқаған. Өлтірген баланың туыстары „күтпеген жерден және кенеттен қайтыс болды“ деген хабарға сенбеген» делінген хабарламада. Сондай-ақ әйелдің психикалық аурумен ауырғаны және 1993 жылдан бері жергілікті психиатриялық ауруханада есепте тұрғаны белгілі болды. Акбар Шарифидің айтуынша, Шахрёр Норматовтың психикалық жағдайы психиатриялық сараптамадан өтеді, бірақ ол әлі психологтардың тексеруінен өтпеген. Шахриёр Норматовқа Қылмыстық кодекстің 104-бабы (вса қатыгездікпен кісі өлтіру) бойынша айып тағылды. Ол 25 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Еңбеккерді қорғау – елдікті қолдау
Көктайғақ, тұман, бұрқасын: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
Тәуелсіздік – басты құндылық
Мұз қатып қалған көлік құлпын қалай ашуға болады
Маңғыстауда Тәуелсіздік күні қарсаңында 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылады
Жүйрікте де жүйрік бар
Көктайғақ, тұман, бұрқасын: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Еңбеккерді қорғау – елдікті қолдау
Түркістанда 508 отбасы баспаналы болды
“Ұйқыны бұзатын тағамдар“. Қандай өнімнен бас тартқан дұрыс?
Ойланып алған несие орға жықпас
Қазақстан Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық жеткізді
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
Алматы құтқарушылары техникалық қызмет көрсету станциясындағы өртті сөндірді
Ақмола облысында екі бірдей өрт сөндірілді
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Орталық төңірегіндегі тартыс
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
950 жылдық теңдессіз туынды
Қайтарымсыз грант нәтиже беруде
ШҚО-да электр қозғалтқыштары шығарыла ма
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды