Такси жүргізушісі ресейлікті Алматы әуежайынан 200 мың теңгеге алып кеткен

Алматыға ұшып келген ресейлікке өз қызметін ұсынған такси жүргізушісі одан 200 000 теңгеге жуық ақша алған, деп хабарлайды Көліктегі полиция департаментінің ресми Instagram парақшасында.3 мамыр күні Алматыға келген 30 жастағы Ресей азаматы көлік полициясына жүгінген болатын. Ол өзіне такси қызметін ұсынған Алматы әуежайының такси жүргізушісіне шара қолдануды сұрады. Зардап шегушінің айтуынша, ер адам оны Марков көшесіне апару үшін 400 еуро (қазіргі бағам бойынша 196 000 теңге) сұраған."Жедел-іздестіру шаралары барысында шағым түсірген адамды жеткізген Mercedes-Benz көлігі мен оның иесі – 27 жастағы Алматы облысының тұрғыны анықталды", - деп хабарлады полицейлер.Полицияның айтуынша, жауап алу кезінде ер адам өз кінәсін мойындап, ақшаны толық қайтарған. Ал жәбірленушінің тарапынан ешқандай шағым немесе талап жоқ. Аталған факті бойынша құқық бұзушыға қатысты ӘҚБтК-нің 449 бабының 2-бөлігімен "Қоғамдық орындарда азғындау" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды."15 мамырда Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен оған 21 150 теңге айыппұл салынды", - деп толықтырды тәртіп сақшылары.Сондай-ақ Ресей Федерациясының азаматы көлік полициясының қызметкерлері дереу шағымын қанағаттандырғаны үшін және полицейлердің кәсібилігіне алғысын білдірді,-деп жазады KAZ.NUR.KZ.  

Читать источник astanatv.kz/kz/
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТУМАСЫ ҒҰСМАН ҚЫРҒЫЗБАЕВ ЕЛДІҢ МАҚТАНЫШЫ
Мүмкіндігін жіберіп алғандар үшін тағы бір мүмкіндік
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
Құтқарушының құрметті жолы
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде
Биыл Қазақстан волонтерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді
Шетелдік туристерге Қазақстанның тәтті кәдесыйлары табысталады
Берік Асылов Мароккоға барып мәселе шешіп келді
Қазақстандағы қайырымдылық: сенім дағдарысынан қалай шығамыз?
Жазушылар одағының 90 жылдығы: әдебиет пен руханияттың дамуына үлес қосқандар марапатталды