Жетісу облысы Талдықорған қаласының маңында да жол апаты болды. Салдарынан үш адам зардап шекті. Toyota Camry маркалі автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, аударылған. Зардап шеккен жүргізуші мен оның екі жолаушысы жедел жәрдеммен дереу қалалық ауруханаға жеткізілді. Меруерт МОРЯКОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ: ЖКО дерегі бойынша қажетті сараптамалар тағайындай отырып, қылмыстық іс қозғалды. Облыс полицейлері көлік жүргізушілерінен Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауды, ең алдымен рұқсат етілген жылдамдықты сақтауды талап етуде. Бүгінде бір науқас ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы екеуі түрлі дене жарақаттарымен нейрохирургиялық және травматологиялық бөлімшеде ем алуда. Олардың жағдайын дәрігерлер орташа ауырлықта деп бағалап отыр.