Талдықорғанда 14 жастағы қыз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі."14 жастағы қыздың жоғалу дерегіне байланысты күдікті деп танылған қыздың туған анасы мен TikTok-та шағымданған өгей әкесі ұсталып, қамауға алынды", - деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.Ведомствоның мәліметінше, күдіктілерге қатысты заңсыз тергеу әдістері расталған жоқ."Алғашқы күннен бастап адвокаттарға тергеу амалдарына қатысуға мүмкіндік берілген.Тергеу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында", - деп мәлімдеді полиция.