Талдықорғанда жолаушы такси жүргізушісінің көлігін заңсыз иемденген, деп хабарлайды Polisia.kz.Полицейлер жолаушы ретінде қаланың шағын аудандарының біріне барған жас қыз ұрлап әкеткен шетелдік көлікті иесіне қайтарды. Демалыс күндері Талдықорған полицейлері ұрланған Hyundai Accent көлігін іздеуге көмек сұраған жергілікті тұрғынның өтінішін тіркеді. Өтініш беруші көлікті өзіне белгісіз қыз ұрлап кеткенін, оны облыс орталығының шағын аудандарының біріне апарғанын түсіндірді. Белгілі болғандай, жолда келе жатып клиент жүргізушіден минералды су сатып алуды өтінді, салдарынан жүргізушінің жоқтығын пайдаланып, көлікті айдап кеткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер жәбірленушінің шетелдік көлігін Алматыдағы ойын-сауық орындарының бірінен тапты. «Автокөлік заңды иесіне қайтарылды. Күдікті тұлға ретінде біз 19 жастағы қызды ұстадық. Қазір іс жүзінде ҚР ҚК-нің 200-бабында (Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену) көзделген қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адамның жеке басын растайтын құжаттары болмағанын ескере отырып, ол уақытша қабылдау-тарату орнына жеткізілді», – деді Талдықорған ҚПБ бастығының орынбасары Қайрат Баймұханов. Жыл басынан бері аймақта 37 автокөлік ұрлау фактісі тіркелді. Барлық көліктер табылып, иелеріне қайтарылды.